ЖҰМА ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

Алатау ауданы "Бекет ата" мешітінің ұйымдастыруымен "Жомарт жұма" қайырымдылық акциясы аясында студенттерге дастархан жайылды.
"Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетінде оқитын үздік 30 студентке жұма дастарханы жайылып, Алатау ауданының бас имамы Амантай Садиев "Білім ер азығы" тақырыбында уағыз-насихатын айтты. Ер азаматтың қоғамдағы маңызды рөлі мен бүгінгі таңдағы білім алудың өзектілігі жайында сөз қозғалды. Жұма дастарханынан дәм татып, әсерлі уағызға қаныққан шәкірттер ризашылығын білдірді.