ЖАМАҒАТ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫН АЯҚТАДЫ
Алатау ауданы «Бекет-Ата» мешітінің тұрақты жамағаты арасында екі айлық «Діни сауат ашу» курсы өткізіліп, шәкірттерге Рамазан айы қарсаңында сертификаттар табысталды.
Жыл басындағы Бас мүфти бағадарлық баяндамасы негізінде жамағат сауатын арттыруға арналған діни сауат ашу курсына 40 тан астам жамағат қатысты. Бұл курста шәкірттерге 3 бағытта дәрістер жүргізілді. Атап айтқанда мешіт ұстазы Азамат Нұғманұлы «Діндегі нәзік мәселелер» мен сенімге қатысты маңызды тақырыптар, сонымен қатар теріс ағымдардың алдын алу жолдары бойынша ақпарат берілді. Наиб имам Мәметбай Нұрсұлтан Имам Әбу Ханифаның «Әл-Фиқхул Акбар» кітабынан дәрістер жүргізген болса, мешіт ұстазы Арғынбай Елдос «Дін және Қоғам» бағыты бойынша көпшілік талқылауындағы өзекті әлеуметтік мәселелер мен зайырлылық құндылықтар төңірегінде дәріс оқыды. Аталған курс барысында соңғы үлгідегі смарт-экран арқылы слайд форматында мол ақпараттар көрсетілді.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі