Шымкент: Бес шәкірт қари атанды
Шымкент қаласындағы ҚМДБ-ға қарасты «Ықылас» қарилар дайындау орталығында онлайн оқып, қари-хафиз атанған бес шәкіртті марапаттау шарасы ұйымдастырылды.
Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласының бас имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының төрағасы Қалиолла қажы Маджанов, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының диекторы Ықласхан қари Майлан, ұстаздар Қамулжан қари Садықов, Алишер қари Мадумаров, Нұрдәулет қари Маджан және т.б. ұстаздар қатысты.
Сондай-ақ, марапаттау шарасы барысында Мұхамеджан Естеміров Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың құттықтау сәлемін жеткізіп, сәттілік тілеп, жас қариларға, атап айтқанда, қасиетті Құранды толық жаттап, қари атанған Ермек Жұманазаров, Мұхаммед Бекзат, Дархан Нұрланұлы, Мухаммадазиз Шахмансұров бен Махмут Жолдасұлына сертификат табыс етілді.
Қариларға «Ықылас» қарилар дайындау орталығының төрағасы Қалиолла қажы Маджанов мырза оқу орнынның дәстүріне сәйкес қари атанған шәкірттерге қасиетті Мекке мен Мәдинаға ұмра қажылығы сапарына жолдама берілетіндігін айтап өтті.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі