"РАМАЗАН СЫЙЫ" РЕТІНДЕ КІТАПТАР ТАРАТЫЛДЫ

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен қала мешіттерінде "Рамазан сыйы" қайырымдылық жобасы жалғасын табуда.
Қасиетті Рамазан айындағы кезекті қайырымдылық іс-шарасы Алатау аудандық "Бекет ата" мешітінде өтті. "Рамазан сыйы" ретінде шәкірттерге кітаптар сыйға тартылды.
Рамазанға сыйлық кітаптар жиынтығы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты дінтанушы, ұстаз-ғалымдардың еңбектері. Сарқылмайтын байлық - құнды кітаптар екенін түйсінген шәкірттер дін қызметкерлеріне алғысын айтты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі