РАМАЗАН-2024: ИМАМДАР ДАЙЫНДЫҚ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗДІ
Бүгін Бас мүфти бағдарлық баяндамасында бекітілген жоспарға сай Алматы имамдары рамазан айында атқарылатын іс-шаралар жоспарымен танысып, дайындық жиналысын өткізді.
Жиынға ҚМДБ наиб мүфтиі Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы және Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан қатысты. «Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында 2024 жылды діни қызмет аясында «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялаған болатын. Осы орайда рамазан айына арналған жоспарға сай, жұртшылық асыға күтетін қасиетті айды жоғары деңгейде өткізу маңызды», - деп атап өтті наиб мүфти.
Мұқтаж жандарға мейлінше көмек беріп, қайырымдылық жқмыстары мен діни рәсімдерді атқаруда белсенділік танытуға шақырды. Сонымен қатар тарауих намазын өткізу мен хатым құран түсіретін мешіттер бекітіліп, «Рамазан – ізгілік айы» аясында шаралар өткізуде аудан мешіттерінде жауапты дін қызметкерлерін бекітуді тапсырды. «Рамазан – Құран айы» атты жамағатқа 1 айлық Құран курсын өткізу, тағы сол сияқты маңызды шаралар жоспарға енгенін жеткізді. Сонымен қатар мүфтият бекіткен бес бағыт бойынша Алматы Орталық мешітінің жауапты наиб имамдары қасиетті рамазан айын халыққа толыққанды түсіндіру жұмыстары мен іс-шаралар жоспарын пысықтады.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі