Құрбан айттың соңғы күні 26 202 отбасыға ет таратылды (ФОТО)

Құрбан айттың үшінші күні республика бойынша 26 202 мұқтаж отбасыға құрбандық еті жеткізілді.
Сондай-ақ айттың соңғы күні qurban2021.kz сайты арқылы құрбан шалуға 177 тапсырыс келіп түссе, республика көлемінде 3818 қой, 286 ешкі, 447 сиыр және 6 түйе сойылды.
Еліміз бойынша www.qurban2021.kz сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы толығымен орындалды. Осы уәкілдік құрбандығының есебін қажет еткен жандарға атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі толық жіберілді.
Еске сала кетейік, биыл еліміздің бірқатар өңірінде құрбан шалу рәсімі жартылай онлайн және жартылай дәстүрлі форматта атқарылды.