ҚМДБ: негізгі 4 жұмыс бағыты бекітілді (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2020 жылы негізгі 4 бағыттағы жұмыстарға басымдық беретін болды. ҚМДБ Орталық аппаратының ұсынысымен, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бекітуімен қабылданған 4 бағыт – уағыз-насихат, сапалы білім, ізгілік, дәстүрлі діни ұстаным.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сан-салалы қызметінде осы төрт бағыттағы жұмыстарға басымдық береді. Имамдардың жұмысы осы бағыттар бойынша бағаланатын болады. Бұл шешім дін қызметкерінің жұмысын жаңа деңгейге көтереді деген сенімдемін» деп атап өтті Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.