«ЗИРАТ ЖӘНЕ ЗИЯРАТ МӘДЕНИЕТІ» ЖӘНЕ «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» СЕМИНАР ӨТТІ
Медеу ауданы бойынша имамдарға «Зират және зиярат» мәдениеті және «Ас беру мәдениеті» құжаты бойынша семинар өтті .
ҚМДБ «Қамқор-Шарапат» салттық-қызмет көрсету орталығының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Талғат Сапанов «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық форумында қабылданған құжан негізінде түсіндірме жұмыстарын жасады. Зират көтерудің үкімдері, зират көтеру мәдениеті, құлпытас қою мәдениеті, зират құрылыстары мен кесене салу түрлерін айтты. Сонымен қатар ҚМДБ бекіткен құжатта зиярат жасаудың әдебі, марқұмдарға сәлем беру, Құран оқу, зиратта көңіл бөлінетін жайттар, кесенелерді зиярат жасау, әйелдердің зиярат жасауы сынды бірқатар мәселелерге айрықша мән берілгенін жеткізді.
«Бүгінде зиярат жасауды бір тәртіпке келтіріп, жалпыға ортақ мәдениетті қалыптастыру – аса маңызды істің бірі. Құжат осы мақсатты көздейді» деп атап өтті.


