«ТОЙ - ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМНЫҢ ОРДАСЫ» АТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Алматы қаласы, Медеу ауданы «Аманқұл ата» мешітінде «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» атты маңызы зор тағылымды шара өтті.
Жиынның басты мақсаты — халқымыздың қуанышы мен берекесінің белгісі болған той-думандардың тәрбиелік мәнін арттыру, салт-дәстүрлерімізді асыл дініміздің құндылықтарымен сабақтастыра отырып, қоғамға дұрыс насихаттау. Басқосуда білікті дін мамандары Медеу ауданының бас имамы Данияр қари Әлимухамедұлы, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы, РАНТ (Республикалық ақпараттық-насихат тобы) мүшесі Абишев Қуаныш қари және «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы Қасымалиев Бақтияр қари жүргізді:
Шара барысында отбасылық құндылықтар, той мәдениеті, ысырапшылыққа жол бермеу және жас ұрпақ тәрбиесі төңірегінде салмақты ойлар айтылып, мешіт жамағаты мен келушілердің сұрақтарына тұшымды жауаптар берілді.



