ҚАСИЕТТІ ҚАДІР КЕШІ МҮБӘРАК БОЛСЫН!
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:18

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:45 06:00 12:04 16:14 18:02 19:18
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
26 Рамазан 1447
Миләди
16 наурыз 2026

Жаңалықтар

ҚАСИЕТТІ ҚАДІР КЕШІ МҮБӘРАК БОЛСЫН!

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының төрағасы, Бас мүфти 
 
ҚАСИЕТТІ ҚАДІР КЕШІ МҮБӘРАК БОЛСЫН!

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!

Құрметті бауырлар!

Қасиетті Қадір кеші мүбәрак болсын! Алла Тағала ұстаған оразаларыңызды, жасап жатқан құлшылық-ғибадаттарыңызды қабыл еткей.

Расында, Рамазан айының қасиетті болуының ұлы ерекшеліктерінің бірі – Қадір түнінде тағдырдың жазылуы. Ал Қадір түнінің қасиетті болуының мәні – адамзат баласын екі дүние бақытына жетелеуші қасиетті кітабымыз Құранның түсуі.

Алла Тағала Құранда: «Біз шынында, Құранды Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні (қасиет және сауап жағынан) мың айдан да қайырлы. Сол түнде періштілер және Жәбірейіл Алланың әмірімен (жер бетіне Алла тағдыр еткен) барлық істерді атқару үшін түседі. Сол бір түн, ағарып таң атқанға дейін амандық-тыныштық түні болады» («Қадір» сүресі, 1-5-аяттар) деп баяндайды.

Бұл сүреде Қадір түнінің мың айдан да қайырлы екені, яғни осы түнде жасалған құлшылық пен ізгі амалдың сауабы өмір бойы жасалған құлшылықтан артық болатыны айтылған. Қасиетті Құранның дәл осы түні түсуі Қадір түнінің мың айдан қайырлы екенін білдіреді. Себебі қасиетті Құран адамды надандықтан құтқаратын, жүректерге тыныштық сыйлайтын, пендені тек жақсылыққа бастайтын ұлы кітап. Қадір түні Құранды көп оқу, оның мағынасына терең бойлау арқылы адам өз рухын тәрбиелейді.

Рухани кемелденудің маңызды шарттарының бірі – адамның өз ісіне жауапты екенін сезінуі. Қадір түні осы жауапкершілік сезімін күшейтеді. Мүмін адам өз өмірін қайта қарап, өткен қателіктеріне тәубе етіп, болашағын ізгі ниетпен жоспарлауға ден қояды. Бұл – рухани дамуға, өз-өзімізді тәрбиелеуге берілген мүмкіндік.

Ардақты Пайғамбарымыз Рамазанның соңғы он күнінде ерекше құлшылық жасап, отбасын да ізгі амалға ынталандырған. Бұл түнде намаз бен Құран оқудың сауабы мол. Сонымен қатар Алладан көбірек кешірім сұрап, дұға жасаған абзал.

Айша анамыз (оған Алла разы болсын) ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алланың Елшісі, Қадір түнінде қандай дұға тілейін?» деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла, расында, Сен кешірімдісің және кешіргенді жақсы көресің. Мені кешіре гөрші» деп айтасың» деп жауап берген. Тағы бір хадистердің бірінде: «Кімде-кім Қадір түні иманмен және сауабын үміт етіп құлшылық етсе, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі» делінген.

Исі мұсылман баласының тағдыр жазылатын түнді тағатсыздана күтуінің бір хикметі – Жаратқанға жақындай түсуге деген ықыласы. Сондықтан бұл түнді сауапты істермен өткізуге тырысайық.

Алла Тағала баршамыздың қате-кемшілігімізді кешіріп, өз мейіріміне бөлегей. Раббымыз Қадір кешінде шынайы иманмен жасаған дұғаларымызды, намаздарымызды, берген садақаларымызды, оқыған Құранымызды қабыл етіп, сауабын еселеп жазғай.

Еліміз аман, жеріміз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әумин!       

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Тақырып бойынша жаңалықтар

АЛМАТЫДАҒЫ АУЫЗАШАР (ФОТОГАЛЕРЕЯ)
Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Рамазан – ізгілік айы» рухани ауызашар шарасы өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мүфтият жанындағы Ақсақалдар, Сарапшылар мен Жастар кеңесінің мүшелері, БАҚ қызметкерлері, сондай-ақ қарттар үйіндегі қариялар мен балалар ү...
АУЫЗАШАРДА ҚОС КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ
Алматы қаласында өткен рухани ауызашар кешінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институты әзірлеп, «Muftyat» баспасынан жарық көрген «Рухани мұра» сериясының қос кітабының тұсаукесер рәсімі өтті....
БАС МҮФТИ АУЫЗАШАРДА БІРҚАТАР АЗАМАТҚА РАМАЗАН СЫЙЫН ТАБЫС ЕТТІ
Алматы қаласында өткен ауызашар кешінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
БАС МҮФТИ АКАДЕМИК АСҚАР ЖҰМАДІЛДАЕВТЫ 70 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында көрнекті математик-ғалым, академик, қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаевты 70 жас мерейтойымен құттықтап, арнайы жүздесті....
«ТӨЛЕ БИ» МЕШІТІНДЕ РАМАЗАН АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ
Алматы қаласы Алмалы ауданы «Төле би» мешітінде әйел-қыздар секторы Рамазан айы қарсаңында әр апта сайын шәкірттермен кездесу өткізуде.
«РАМАЗАН - АДАЛ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ АЙЫ» РУХАНИ АУЫЗАШАР КЕШІ ӨТТІ
ҚМДБ «Әйел қыздар» секторы, Алматы қаласы бойынша «Әл-Мәдина» және «Әл-Әзим» мешіттерінің ұстаздарының ұйымдастыруымен «Рамазан - адал қоғам қалыптастыру айы» атты рухани ауызашар кеші өтті....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

ҚМДБ: НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ «РАМАЗАН СЫЙЫ» ТАБЫСТАЛДЫ
ҚМДБ ұйымдастыруымен Нұр-Мүбарак университетінің студенттеріне ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай қайырымдылық шарасы өтті. Іс-шара барысында 920 студентке «Рамазан сыйы» табысталды....
«РАМАЗАН - ҚҰРАН АЙЫ» ҚҰРАН ОҚУДАН САЙЫС ӨТТІ
ҚМДБ Алматы өкілдігінің жылдық жоспары аясында, Нұр-Мүбарак оқу-әдістемелік мешітінде Бостандық ауданы бойынша «Рамазан – Құран айы» тақырыбында Фәжр сүресінен Нәс сүресіне дейін жатқа Құран оқу сайысы ұйымдастырылды....
АЛМАТЫДАҒЫ АУЫЗАШАР (ФОТОГАЛЕРЕЯ)
Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Рамазан – ізгілік айы» рухани ауызашар шарасы өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мүфтият жанындағы Ақсақалдар, Сарапшылар мен Жастар кеңесінің мүшелері, БАҚ қызметкерлері, сондай-ақ қарттар үйіндегі қариялар мен балалар ү...
АУЫЗАШАРДА ҚОС КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ
Алматы қаласында өткен рухани ауызашар кешінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институты әзірлеп, «Muftyat» баспасынан жарық көрген «Рухани мұра» сериясының қос кітабының тұсаукесер рәсімі өтті....
БАС МҮФТИ АУЫЗАШАРДА БІРҚАТАР АЗАМАТҚА РАМАЗАН СЫЙЫН ТАБЫС ЕТТІ
Алматы қаласында өткен ауызашар кешінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
МҮФТИЯТ АЛМАТЫДА АУЫЗАШАР БЕРДІ
Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Рамазан – ізгілік айы» рухани ауызашар шарасы өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мүфтият жанындағы Ақсақалдар, Сарапшылар мен Жастар кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері, сондай-ақ қарттар үйіндег...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
26 Рамазан 1447
Миләди
16 наурыз 2026
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:18

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026

22 урок: О дополнительных земных поклонах

Ассаламу алейкум, я не автор поста, но мне кажется, что разница в том, что:1. в первом случае, молящ

Ерсайын
7 қаң. 2026

04. Ощущения

Ассаламу алейкум. Да, этот материал требует уже некоторой базы. Медресе старших курсов, или учеба в

Администратор Azankz
22 жел. 2025

Урок 126. Глава 13. 129 хадис

Да конечно, без проблем!

Al Almaty
8 жел. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi