ҚАДІР ТҮНІ: 3000 АДАМҒА СӘРЕСІ ТАРАТЫЛДЫ
Алматы Орталық мешітінде қадір кешін өткізіп, түнін құлшылық-ғибадатқа арнаған 3000 жамағатқа сәресі бокстары таратылды.
Қадір кешін Орталық мешітте өткізген жамағатқа жайлы жағдай жасалынды. Ақшам уақыты кірген сәтте мешіт ауласындағы Рамазан шатырында күнделікті 500 адамға арналған ауызашар дастарханынан дәм татып, жамағат имамдар дайындаған қадір кешіндегі бағдарлама бойынша белсене атсалысты. Тарауих намазын оқып, уағыз тыңдап, ғибадат-құлшылықтарын жасаған қала тұрғындарына сәресі бокстары таратылды. Сондай-ақ қала бойынша тағы бірнеше мешіттерде қадір түнін мешітке өткізген жамағатқа тіске басарлар мен сәресі үлестірілді.
Жамағат ұйымдастырушы мешіт қызметкерлеріне алғысыстарын жеткізді. Таң намазын бірге оқыл, ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. Қадір түнінің тілектері қабыл болғай!











