Нұр-Мүбарак университетінің студенті Қазақстан жастарының 100 жаңа есіміне енді (ФОТО)

Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» атты республикалық байқау өз мәресіне жетті. Білімді жастар қатысқан додада Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіндегі «Дінтану» мамандығының 2 курс студенті Хибадат Жақсылық жеңімпаз атанды.
Елорда да өткен жарыс қортындысы бойынша Х.Жақсылық ҚР Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі және қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, көсбашылық қабілетін көрсете білгені үшін «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» төсбелгісімен марапатталып, 1 орынға ие болды.
Сондай-ақ Жақсылықтың аталған байқауға қатысуына мұрындық болып, жетекшілік еткен PhD, қауымд.проф Қалқаман Ержан Сейтұлы ҚР «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының алғыс хатымен марапатталды.
Университет басшылығы республикалық байқауда от ойы озық болған студентіміз бен оған жетекшілік еткен оқытушымызды жеңістерімен құттықтайды. Бағындырар белестеріңіз көп болсын!
nmu.kz