Мүфтилер мерекелік медальмен марапатталды (ФОТО)

Елордада өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Бейбітшілік пен рухани келісімді сақтаудағы Ислам институттарының рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция барысында мүфтиятты әр жылдары басқарған Бас мүфтилер «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ардагер ұстаздар - Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ержан қажы Малғажыұлы және Серікбай қажы Ораздың кеуделеріне «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік төсбелгісін тағып, құрмет көрсетіп, иықтарына шапан жапты.