«ИМАНИ ЖАЗ-2025» ШӘКІРТТЕРІНЕ ҚҰРАННАН КӨРКЕМ ОҚУ САЙЫСЫ ӨТТІ

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы «Әбу Бәкір» мешітінде «Имани жаз-2025» бағдарламасы аясында «Құраннан көркем оқу» сайысы өтті.
Жас шәкірттер жаңа жаттаған сүрелерін пысықтау мақсатында өзара топта сайысқа түсті. Аудан мешітінің бас имамы Бақытжан Көптілеуов Құран оқудың абзалдығы жайында сөз қозғап, шәкірттерге терең мағлұмат берді. «Әбу Бәкір» мешітінің әйел ұстазы Ахметова Айгерім сайысқа қатысушы шәкірттерге қазылық етті. Іс-шара қызықты әрі қатысушылар мен тамашалаған жанға пайдалы өтті.