АЛМАТЫ АЗАНШЫЛАРЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

Алматы қаласының азаншыларына арналған біліктілікті арттыру курсы өтті
Алматы қаласының жылдық жоспарына сәйкесі қала мешіттеріндегі азаншыларға арналған арнайы оқу курсы табысты аяқталды. Бұл игі шараның мақсаты — азаншылардың діни білімін тереңдетіп, дауыс, тәжуид және мәнерлеп айту қабілетін жетілдіру арқылы рухани қызмет сапасын арттыру.
Курсқа Нұр-Мүбарак университетінің аға-оқытушысы, қари, phd доктор Самет Данияр мен Алматы орталық мешітінің азаншысы Ерлан Битенов ұстаздық етті. Ұстаздар қатысушыларға азан айтудағы нақыш пен мағынаға мән беру, сахабалар дәстүріндегі азан әдебі мен қазіргі заман талабына сай қызмет көрсету мәдениеті үйретілді. Сабақтарды тәжірибелі ұстаздар мен қари мамандар жүргізіп, теориялық біліммен қатар практикалық дайындыққа да ерекше көңіл бөлінді.
Шара соңында Алматы қаласының бас имам Төлеби Оспан Дәділұлы қорытындылап, азаншыларға насихатын айтып, сертификат тапсырды.
Алла Тағала әрбір азаншының даусын жүректерге жететін үнге айналдырсын!