Есту қабілеті төмен адамдарға арналған әліппе шықты
Түркияның Дін істері басқармасы есту қабілеті төмен адамдарға арналған оқу құралын шығарды. Енді олар осы әліппе арқылы Құран негіздерін үйрене алады.
Жуырда басылып шыққан бірнеше данасын есту қабілеті төмен адамдарға арналған Құран курсының шәкірттері алды. Жыл бойына Құран курсының тыңдаушылары семинарлардан өтті. Осының негізінде нашар еститін жандарға «Алифбы» кітабы дайындалды.
Әліппе әріптің дыбысталуы, қолданылудағы жиілігі мен күнделікті қолданыстағы тәжірибесі ескеріле құрастырылған. Жаңа оқу құралында әріптер түрік ым-ишара тілімен берілген.