"Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік"
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Жаңалықтар

"Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік"

Кел, балалар, оқылық!

Хәкім Абай  "Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінде 
"Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім"
- дейді. Медресе дегені – мектеп және басқа да оқу орындары. Құрметті, ата-ана! Бүгін біздің ұл-қыздарымыз мектепке, білімнің даңғыл жолына аттанады. Бүгін білім күні. «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деп ғалым-жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай еліміздің дамуы біліммен болмақ.

Құрметті оқушылар! Еліміздің болашағы сіздер. Ағартушы - педагог Ыбырай Алтынсарин:
"Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Істің болар қайыры
Бастасаңыз Аллалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап"
- деп жырлағандай мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындаңыз. Сізде күш-қуат пен жігер бар. Әліппеден бастап әдебиет, математика, тарих, физика барлық пәнді сүйіп оқыңыз. Білім ғажайып әлем. Өмірдегі сара жолыңды мектеп қабырғасында таңдайсың. Біліммен қатар тағы бір маңызды дүние бар. Ол – тәрбие. Білім мен тәрбие егіз.

Ислам ғалымы Малик бин Динар (р.а.): " Адамның оқыған білімі оғаш мінезін түземесе, ол білімі еш пайдасын тигізбейді" деп айтқан екен. Білім мен тәрбие құстың қос қанаты сияқты. Бір қанатты құс ұша алмайтыны белгілі. Тәрбие жоқ жерде білім пайдасыз. Осы ойды ұлт ұстазы  А. Байтұрсынұлы: "Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді" деп жеткізеді.

Сондықтан, үздік оқумен қатар әдепті де болмақ керек. Әдепті бала –арлы бала. Әдеп – жақсы тәрбиенің белгісі. Оқушының әдебі мұғалімдерді құрметтеуі, сыныптас достарымен тату болуы. Тіпті кітаптарын ұқыпты ұстауы да әдептілік. Суфиян бин Уйайнә (р.а.): "Білімнің басы – дұрыс құлақ асу, сосын көңілге тоқу. Мұнан кейін жаттау. Сосын - білгенге амал ету. Кейін, білімін бөлісу" деген екен.
Қазақтың данагөй ханы Абылай хан: "Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік" - деп айтқан екен. Әлемнің екінші ұстазы деп танитын ғұлама Әл-Фараби де біздің бабамыз. Бүгінгі сіздердің ыждаһатпен білім алуларыңыз отанымыздың дамуына қосар үлкен үлес. Ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы: "Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді" -дейді. Расында, білімді терең меңгерген сіздердің араңыздан білікті дәрігер, мұғалім, құрылысшы, инженер, ғалымдар шығады. Ал, білімді болмақ үшін  мұғалімді, ұстаздарды құрметтеу әрі әр сабағын бар ықыласпен оқу қажет. Себебі «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» деген сөз бар. 

Ғалымдар: "Ұстазыңды құрметте! Оның мәжілісінде (сыныпта) салмақты бол. Сөздеріне мұқият құлақ сал. Бар болмысыңмен тыңда. Оның алдында дауысыңды көтерме.  Сыныпта рұқсатсыз ешкіммен сөйлеспе. Мұғаліміңе біреу тіл тигізсе қорға. Ұстазыңның жақсы қасиеттерін айтып жүр. Мұғалімді сыйлайтын кісілерге құрмет көрсет. Осылай етсең аспандағы періштелер "сен білімді көзбояушылықпен емес ықыласпен үйрендің" деп куәлік етеді" деген екен.

Мұғалімнің еңбегі өте ауыр. Сіздер мұны түсінесіздер. "Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға " дегендей жақсы мұғалімнің үш қасиеті бар: "Сабырлық, кішіпейілділік және көркем мінез". Жақсы оқушының да үш қасиеті болуы керек: "Ақыл, әдеп және мұғалімге құлақ сала білу"

Ағартушы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шәкірт ойы» өлеңінде:
"Қараңғы қазақ көгіне, 
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?" -
деп білім жолындағы оқушының асыл мақсатын көрсетеді. Осы жолда жаңа оқу жылына қадам басып отырған білім алушы оқушыларымызға, шәкірттерімізге сәттілік тілеймін! 

Алматы қаласының Бас имамы Төлеби қажы Оспан

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ертең Жалпыұлттық аза тұту күн
Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауы – еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша Қазақ елінің қабырғасын қайыстыруда....
Сәлем салу Аллаға серік қосуға жата ма?
Ертеден келе жатқан сәлем салу дәстүрі – қазақ келіндерінің үлкенге деген сый-құрметінен туған әдептілік белгісі. "Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет" көрсеткен дана халқымыз сыйластықты әрдайым бірінші орынға қойған. Сәлем салу да осының нақ дәлелі. Бүгінгі таңда қазақылықтың қаймағы бұзылмаған оңтүст...
Қай өңірлерде жұма намазы оқылады?
Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты жергілікті бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес республиканың кей өңірлерінде Жұма намазы уақытша тоқтап тұр. Әйтсе де бұл Қазақстанның ешбір аймағында Жұма намазы атқарылмай жүр дегенді білдірмейді....
Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды (ФОТО)
Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде жаңа оқу жылына дайындық барысы жан-жақты пысықталды.
ТАЛАПКЕР-2021: Медреселерде емтихан басталды (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 9 медресе-колледжде 2021-2022 оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы басталды.
ТҮРКІСТАНДА Х РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН КӘРІМ ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қазан айында қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқау өтеді.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 03:12

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi