Жаңалықтар

Бас имам журналистермен жүздесті

Сейсенбі күні «Сұңқар» шаңғы трамплині кешеніндегі баспасөз орталығында Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Шоқаев журналистермен жүздесіп, қасиетті Рамазан айының басталуына арналған баспасөз мәслихатын өткізді.
 
 
Баспасөз мәслихатына Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Е.Әміре, шариғат мәселелері бойынша Алматы қаласы өкіл имамның кеңесшісі Б.Әлиұлы қатысты.
 
Алғашқы құттықтау сөз сөйлеген ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкілі Еркінбек қари Керімбекұлы:
 
«Баршамызды оразаға аман-есен жеткізген құдіреті шексіз Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын!
 
Рамазан – тақуалық, береке мен бірлік, әрі мейірім мен жақсылық айы. Оразада жасалған әрбір жақсы амалдың сауабы еселеніп жазылады. Хадисте айтылғандай, «адам баласының барлық игі істерінің сауабы артады. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады», - деп жалпы халықты сауапты істерге қызықтырды.
 
Сондай-ақ, баспасөз мәслихаты барысында төмендегідей қажетті ақпараттар айтылды:
 
Ғылыми зерттеулер мен шариғи мәтіндерге сүйене отырып, ҚМДБ ғұламалар кеңесі отандық астрономиялық зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып Рамазан айының бірінші күні – 17 мамыр деп бекітті. Сондай-ақ, маусым айының 11-нен 12-не қараған түн – Қадір түні деп жарияланды. Айт мерекесі болжам бойынша 15-ші маусымға сәйкес келеді. Ал, еліміз бойынша пітір садақасы – 300 теңге.
 
Алматы қаласындағы 8 ауданның барлық мешіттерінде кешкі ауызашар дастархандары жайылып, ифтар таратылатын болады. Ал, Алматы Орталық мешітінде күнделікті 500 адамға дейін ауызашар дастарханын ұйымдастыру жоспарлануда.
 
Бүгінгі күнге дейін әрбір мешіттерде діни сауаттарын көтерген жамағатқа арналған «Раббым! Білімімді арттыр!» интеллектуалдық сайысы және «Умра кімге бұйырады?» сайыстары Орталық мешітте күнделікті (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндері) аср намазы мен ақшам намаздарының ортасында өткізіліп отыратын болады.
 
Сонымен қатар, Алматы қаласындағы 49 мешітте тарауық намаздары өткізілсе, оның 45-інде тарауық намаздарында Құран Кәрім толықтай хатым етіледі.
 
Мешіттердегі тарауық намаздарының түнгі сағат 24.00-ге дейін жалғасып, кеш аяқталатын болғандықтан келуші жамағаттың үйлеріне қайту мәселесі ескеріліп, Алматы қаласы әкімінің қолдауымен қала бойынша 4 бағытқа (Саина көшесі, Алматы-1 теміржол бекеті, Талғар трассасы және Достық даңғылы бағыттарында) жүретін бағытты автобустар кестесі ағымдағы жылдың 16 мамыры мен 14 маусым аралығында әр кеште сағат 24:00-ге дейін созылады.
 
Рамазан бойы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен әрбір мешіттер мен жамағаттың қауіпсіздіктері ІІО қызметкерлерінің бақылауы күшейтіледі.
 
Журналистер тарапынан қойылған сауалдарға Ерсін Әміре және Бауыржан Әлиұлы секілді ғалымдарымыз жауап берді.
 
Алматы қаласы Орталық мешітінің баспасөз хатшысы
 
 
 
 
ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Теги: Рамазан

Тақырып бойынша жаңалықтар

Қош келдің - Рамазан!
Әлемдердің Раббысының Мейірім хаты түскен, Пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алғашқы аманат жүктелген, сахабалардың айлап аңсап, зарыға күткен Кешірім мен Мейірім айы қасиетті Рамазанға санаулы ғана күндер қалды....
Фото: Алматы Орталық мешітіндегі алғашқы тарауық намазы
Күллі әлем мұсылмандары асыға әрі сағына күткен қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Алматы қаласы Орталық мешітіне ағылған жамағат легі ақшам намазынан басталды. Барлығының жүздерінде қуаныш. Мешіт іші де, сырты да құптан намазы басталмастан жамағатқа лық толды. Оларға назар аударсаңыз бір-бірін құ...
ҚМДБ: РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫНА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ
Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен  астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін. Ғылым мен технология дамыған заманда мұсылмандық күнтізбе шариғи үкім мен ғылыми зерттеулер негізінде жасалды....
ҚМДБ: Алматыда төралқа мәжілісі басталды
Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен қасиетті Рамазан айы қарсаңында Төралқа мәжілісі басталды. Мәжіліске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, облыстың бас имамдары қатысуда....
Алматы Орталық мешітінде хатым Құранның дұғасы оқылады
9 маусым күні Алматы Орталық мешітінде әр бір мұсылман үшін ерекше құнды болып табылатын xатым Құранның дұғасы оқылады.
Жоба: Барлығы Рамазан жайында
Azan.kz порталы «Барлығы Рамазан жайында» атты бұл жаздың алғашқы үлкен жобасын қуана ұсынады. Біз сіздерге арнап Рамазанның фиқһі бойынша классикалық сұрақ-жауап үлгісінде және ыңғайлы навигациямен көлемді материал дайындадық...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

«Әйел-қыздар» секторы: Қазақтың дәстүрі мен тарихы егіз ұғым
 «Төле би» мешіті жанындағы «Әйел-қыздар» секторы мешіт басшысы Әбдірахымұлы Сейтбек мырзаның қолдауымен кең көлемде «Қазақтың дәстүрі мен тарихы» атты шара өткізді. Аталмыш шараға мешіт имамы мен Алматы қаласы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жауапты мүшесі Ахметова Маржан арнайы келіп, жамағатқа Қ...
Қарттар үйіндегі келелі кездесу
Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні қарсаңында Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлы қарттар үйіне арнайы ат басын бұрып, өмірдің қиындықтарына тап болған қарттардың көңілін көтеріп, ақ баталарын алып қайтты. Мерекемен құттықтаған Бас имам Еркінбек қари Шоқаев: «Қариясы бар елдің сарқылм...
Алматы имамдары Рамазанға әзірліктерін пысықтады
Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлының бастамасымен қаладағы 49 мешіттің бас имамдары басқосып, қасиетті Рамазан айының алдында қала бойынша мешіттердегі әзірліктерін пысықтады. Алғашқы сөз сөйлеген Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек қари Шоқаев Рамазан айында атқар...
Бас имам "Ислам жəне отбасы" конференциясында
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы» жылы аясында «Алғаның жақсы болса...» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді....
Наиб мүфти: «Ислам – бірлік пен бауырлық діні»
Қасиетті Жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Әбдірашұлы Алматы қаласындағы Орталық мешітінде «Мұсылманның әһли кітап иелерімен қарым-қатынасы» деген тақырыпта Жұма уағызын жүргізді....
Бас Мүфти бас жүлде иегеріне көліктің кілтін табыстады
Бүгін Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған VІІ республикалық Құран жарысының қорытынды рухани кеші өтті. Дін жанашырлары мен демеушілерінің қаржылай қолдауымен өткен жүлде қоры 17 млн. теңгені құрайтын сайысқа республика бойынша 500-ден аст...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
5 Рамазан 1439
Миләди
21 мамыр 2018
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 21:55

Бамдатқа дейін 00:07

Ораза. Часто задаваемые вопросы

Ассаляму алейкум. Сестрам намаз таравих лучше читать дома. Как обучиться намазу, вы можете посмотрет

Администратор Azan.kz
4 сағат. бұрын

Расписание времени поста для городов Казахстана - 2018 год

Уа алейкум ассалям. Время указаное по городу Макат полностью соответствует Духовному управлению мусу

Администратор Azan.kz
кеше

О Рамадане

Ассаляму алейкум. Если время ифтара уже наступило и вы съели кусочек хлеба, то это никак не нарушает

Администратор Azan.kz
18 мая 2018

29. Сура «Аль-Бакара», аяты 187-190

Ассаламуалейкум уа рахматулЛахи уа баракатух! Хочу привести пример, если в суре Аль-Бакара 187 аяте,

Qanat Boken
18 мая 2018

58. Сура «Алю-Имран», аяты 149-157

Асаламуалейкум уа рахметулиляхи уа баракатуху! Хотел узнать когда выйдет тафсир следующих аятов?

Али Махмуд
17 мая 2018
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi