ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
Әуезов ауданы Таугүл мешітінде төтенше жағдайлар кезінде дұрыс іс-қимыл жасау тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Кездесу барысында аталған басқарманың бас маманы Ерасыл Жолдыбаев төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік талаптарын сақтау және төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету тәртібі жөнінде маңызды ақпараттармен бөлісті.
Шара соңында Әуезов ауданының бас имамы Серікхан қажы Рымханұлы маманға алғысын білдіріп, атқарып жатқан жауапты қызметіне сәттілік тіледі.
Мұндай кездесулер қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға және адам өмірін қорғауға бағытталған.




