ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Әуезов ауданы Таугүл мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) құжаттамалық жұмыстары мен берілген тапсырмаларды орындау мәселелеріне арналған семинар өтті.
Жиынға ауданға қарасты барлық мешіттердің дін қызметкерлері қатысып, семинарды Әуезов ауданының бас имамы Серікхан қажы Рымханұлы ашып берді.
Шараға арнайы қатысқан Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Тоқсанбайұлы ҚМДБ тарапынан берілген тапсырмалар мен құжаттамалық жұмыстардың талаптарын түсіндіріп, дін қызметкерлерінің қызметтік міндеттері жөнінде кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар семинар барысында дін қызметкерінің этикасы мен әдебі, қоғам алдындағы жауапкершілігі, қызмет барысында көркем мінез танытуы және діни қызметтің талаптарын сақтау мәселелері қозғалды.
Семинардың негізгі мақсаты – дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, құжаттамалық жұмыстарды жүйелеу және діни қызметтегі жауапкершілік пен тәртіпті нығайту.
Жиын соңында қатысушыларға тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар айтылып, алдағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.




