Ақпанда онлайн дәрістер басталады (ФОТО)
Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсармауына байланысты былтыр қолға алынған онлайн дәрістер қайта жалғасады.
Бүгін ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жұма насихатын жүргізді. Бас мүфтидің Жұма насихаты әр жұма сайын сағат 13:00-де өтеді. 1 ақпаннан бастап ҚМДБ имам-ұстаздарының онлайн дәрісі жалғасады. Дәрістер күн сайын күндізгі сағат 12:00 мен кешкі сағат 20:00-де тікелей эфирде өтеді.
Дүйсенбі күндері – ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров «Пайғамбарлар тарихы», Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанов «Құран мұғжизалары», сейсенбі күндері – Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров «Хадис тағылымы», Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков «Ислам тарихы», сәрсенбі күндері – Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл «Ихсан ілімі», Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев «Иман негіздері», бейсенбі күндері – Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуалиев «Отбасы ғылымхалы», Уағыз-насихат бөлімінің маманы Думан Сайфулла «Ислам әдептері», жұма күні Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов «Ислам ғибадаты» тақырыбында онлайн дәріс жүргізеді.
Сондай-ақ дүйсенбі-жұма аралығында Мақсатбек Қайырғалиев, Қанат Алшынбаев, Құрмет Смағұлов, Бауыржан Отарбаев орыс тілінде дәріс өткізеді. Қазақ тіліндегі дәрістерді мүфтияттың youtube каналынан, орыс тіліндегі дәрістерді @hikmet.tv парақшасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.