АЛМАТЫ: ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы қала мешіттерінде дін қызметкерлері мен шәкірттердің салауатты өмір салтын ұстану бағытында түрлі спорттық шаралар өткізуді тапсырған болатын. Осы орайда Таугүл мешітінің "Айғаным" ұлттық-рухани даму клубының мүшелері арасында волейболдан турнир өтті.
Әуезов ауданы "Таугүл" мешітіне қарасты әйел-қыздардан құралған командалар волейболдан бақ сынасты. Турнирге 8 команда қатысты. Тартысты өткен сайыс нәтижесінде:
"Бәрекелді" тобы -1 орын (60мың тг)
"Аниса" тобы - 2 орын (40мың тг)
"Ақниет" тобы - 3 орын (30мың тг) қаржылай жүлде қорына ие болды.
Әрбір қатысқан командаға ынталандыру сыйлығы ретінде қаржылай 10 мың теңге мен алғыс хат табысталды. "Айғаным" ұлттық-рухани даму клубы алдағы уақытта да тұрақты түрде волейболдан турнир өткізуді жоспарлап отыр. "Спорт - денсаулық кепілі" Қыздарға сәттілік тілейміз!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі