Алматы мешіттерінің ұйымдастыруымен «АРЫСҚА ЖЫЛУ» қайырымдылық акциясы
Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерді, Арыс қаласында болған төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында Алматы қалалық мешіттерінде ұйымдастырылған «АРЫСҚА ЖЫЛУ» атты қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырамыз!
Қабылданатын заттар:
- Азық-түлік (бұзылмайтын)
- Киім-кешек
- Көрпе-төсек
- Гигиеналық заттар
- Ақшалай және т.б.
Соның ішінде, қаржылай көмек көрсетем деушілерге қала мешіттерінде қойылған «АРЫСҚА ЖЫЛУ» атты жәшіктер қызмет көрсетеді. Одан бөлек қаржыны ҚМДБ «Зекет» Корпоративтік қорының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің есеп шотына аударуға болады.
Қайырымдылық керуені осы аптаның сенбі күні, яғни 29 маусым күні Алматы Орталық мешітінен жөнелтілетін болады.
Дана халқымыз «тас түскен жеріне ауыр» дегендей, Алматы жұртшылығы Арыстағы ағайынға Алладан жеңілдік пен сабыр тілей отырып, көңіл білдіреміз. Алла Тағала ел-жұртымызды түрлі апаттардан сақтап, тыныштығынан айырмасын.
ҚМДБ «Зекет» Корпоративтік қорының
Шымкент қаласы бойынша
өкілдігінің есеп шоты:
БИН: 130441029965
KZ 126010291000064130KZT
Код-18, КНП-119
БИК: HSBKKZKX
Kaspi Gold: 5169493197826772
ИНН: 870117302449
Ашимов АбдулҚасым
azan.kz