АЛМАТЫ: МЕДЕУ АУДАНДЫҚ МЕШІТІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Медеу аудандық "Омар ибн Хаттаб" мешітінің бас имамы Асан Тілеубердиевтің ұйымдастыруымен бірқатар қайырымдылық шарасын өткізді.
Нұрлы мешітінің дін қызметкерелері қалалық Ардагерлер үйіне ыстық тамақ жеткізіп, Нұр-Мүбәрак университетінің студенттерін азық-түлікпен қамтамасыз етті. Сонымен қатар "Халифа Алтай" мешітіне ауызашарға көмек ретінде бір қойдың еті берілді. Сауапты іске атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтамыз.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі