Алматы: «Дін мен дәстүр» кітабын оқудан сайыс өтті (ФОТО)
Ақпан айының 23 ші жұлдызында Алматы қаласына қарасты Наурызбай және Түрксіб аудандық мешіттері жанындағы «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен «Бір айда бір кітап» жобасы аясында “Дін мен Дәстүр” кітабынан сайыс өтті.
Осы іс шараның ашылуына Түрксіб ауданының бас имамы Саттарқұл Сәтиұлы құттықтау сөз сөйлеп, сайыскерлерге сәттілік тіледі.
Сайысқа қатысқан жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды. Сайыс соңынан арнайы дастархан жайылып, дін мен дәстүрдің маңыздылығы жайында бас имам тәлімді насихат айтты.