Алматы аймағы: Үйсіз қалған отбасыға баспана сыйлады
Алматы облысы Қарасай ауданының Қырғауылды ауылында үйсіз қалған отбасыға жамағат жұмылып баспана салып берді.
Былтыр 25 қарашада дәл осы ауылдың тұрғыны Сахи Нұрымбетовтің үйі өртеніп, жолдасын жоқтап әйелі, әкелерін жоқтап 4 баласы жетім қалған еді. Ауыл азаматтары қара жамылған отбасыға көмектесу мақсатымен қаражат жинауға кіріскен. Алайда елдегі пандемия жағдайына байланысты ізгі ниеттегі жандар С.Нұрымбетовтің отбасына үй салып берудің сәті жазға қарай түседі.
Денесінің 70 пайызын күйік шалған 4 баланың анасы күні кешеге дейін пәтер жалдап келіпті. Ауылдастарының ауызбіршілігі арқасында өртенген үйдің орнына жаңадан 3 бөлмелі үй салынып, кілті иесіне табысталды.
«Ауылдық орта мектеп директорының бастамасымен басталған қайырымдылық шараға әкімдік, мешіт жамағаты, ауыл тұрғындары жалпы алтын жүректі халық болып көмек қолын созып, көктем шыға үйді қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Бүгінгі күні өртенген үйдің орнына 12,5х8,5 жаңадан 3 бөлмелі үй салынып, коммуналдық қызметтің барлығы қосылды» дейді марқұм Сахи Нұрымбетовтің ауылдастары.
Тек сыртқы жұмыстары қалған жаңа пәтерге жалғызбасты ана мен мектеп жасындағы 4 бала көшіп алды. Пәтер кілтін тапсыру кезінде Құран оқылып, дұға жасалды.