Адамға алғыс айтқанымыз – Аллаға шүкір еткеніміз...
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:44

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:34 06:55 11:42 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024

Жаңалықтар

Адамға алғыс айтқанымыз – Аллаға шүкір еткеніміз...

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Аллаға мадақ, пайғамбарға салауаттар болсын!

Елімізде шуақты көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесімен басталады. Баршаңызды бірлік пен мейірімге үндейтін мерекеміз – алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әр отбасыға құт-береке, бақыт пен табыс тілеймін.

Адамгершілік пен имандылықты өмірінің қазығы еткен халқымыз қиын-қыстау сынақ жылдарында қамыққан жанға қамқор болды. Тағдыр тауқыметін тартып, зобалаң замандарда қазақ жеріне пана іздеп келген түрлі ұлт пен дін өкілдерін бауырына басып, барымен бөліскен ата-бабаларымыздың бұл жақсылығы ұрпақ үшін мәңгі өнеге. Ендеше, жақсылықты жадымыздан шығармау – адамдық іс.  

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көркем мінездерінің бірі жақсылық жасаған адамға құрмет көрсетіп, ілтипат білдіріп, алғыс айту еді. Осыған байланысты Ислам тарихында мынадай ғибратты оқиға болған. Меккеде Алла елшісіне қатты қысым жасалған кезде Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір топ мұсылманға дінді сақтап қалу үшін Эфиопияға көшуді бұйырады. Алла елшісі айтқандай, сол кездегі Эфиопия патшасы Нәжжаши әділетсіздікке жол бермейтін басшы еді.

Сонымен сахабалар Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жанашырлығымен Эфиопияға қоныс аударады. Бұл оқиға Аллаға серік қосушы меккеліктердің ызасын тудырады. Нәжжашиден мұсылмандарды кері қайтаруды сұрайды. Алайда әділ патша Эфиопия жеріне пана іздеп келген мұсылмандарға қиянат жасалғанына көз жеткізіп, оларды қайтарудан бас тартады.

Осы оқиғадан кейін арадан біраз уақыт өтеді. Жағдай тұрақталған кезде Эфиопиядан бір топ делегация келеді. Алла елшісі орнынан тұрып, құрмет көрсетіп, ілтипат білдіріп, олардың ас-суын әзірлей бастайды. Жанындағы сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Біз бармыз ғой» деп ишара білдіріп, дастарханның қамына кіріседі. Сонда ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Олар менің сахабаларымды құрметтеген, жақсылық жасаған. Мен де оларға құрмет көрсетуді, жақсылық жасауды жақсы көремін» деген. Біз бұл оқиғадан жақсылыққа жақсылықпен жауап беру – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі амалдарының бірі екенін анық аңғарамыз. Өйткені хадистердің бірінде: «Кім адамдарға (жақсылықтарына) алғыс білдірмесе, Аллаға шүкірлік етпегені» делінген. Демек, адамға алғыс айтқаның – Аллаға шүкір еткенің...

Біз әуелі адамды жоқтан бар еткен Аллаға шексіз шүкір айтамыз. Алла Тағала Құранда: «...егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін...» дейді («Ибраһим» сүресі, 7-аят). Алланың әр жақсылығы мен нығметіне шүкір етуіміз екі дүниеде бақыт пен берекеге кенелуімізге себепші болмақ.    

Ұланғайыр жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған бабаларымызға алғыс айтамыз. Оларға жасаған алғысымыз бен жақсылығымыз мынадай амалдарда көрініс табады: рухына Құран бағыштау, аманатына қиянат жасамау, өсиетін орындау, жақсы ұрпақ тәрбиелеу, ата-анамыздың атына кір келтірмеу, т.б.

Мейірімін төгіп, сәби кезімізден мәпелеп өсірген ата-анамызға алғыс айтамыз. Алла Тағала Құранда Өзіне бойсұнуды, содан кейін ата-анаға жақсылық жасауды әмір етіп: «Адамдарға ата-анасына қарайласуды бұйырдық. Ананың оған әлсіреген үстіне әлсіреп, (тоғыз ай бойы) жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның Мен жақ» деп ескерткен («Лұқман» сүресі, 14-аят).

Торқалы той мен топырақты өлімде қамқор болған ағайын-туысқа, дос-жаранға, көрші-қолаңға алғыс айтамыз. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім ризық-несібесінің көбеюін және ғұмырының ұзақ болуын қаласа, ағайын-туыстық қарым-қатынасын күшейтіп, оған қарайлассын» деген.   

Мен осы ретте сындарлы сәтте халыққа қамқор болған ел қамындағы азаматтарға, дәрігерлерге, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамаларына, қайырымдылық акцияларына қолдау көрсеткен жомарт жандарға айрықша алғысымды білдіремін. Сондай-ақ діни рәсімдерге шектеу қойылған сәтте бір үйдің баласындай бірлігін танытқан жамағатқа риясыз ризалық ниетімді жеткіземін. Баршаңызға мың алғыс!

Алла елшісі бір хадисінде: «Кім сендерге жақсылық жасаса, оған сыйлық беріңдер. Егер берер сыйлық таппасаңдар, ол үшін дұға жасаңдар» делінген. Осы ретте барша мұсылман қауымын еліміз бен жеріміздің, халқымыз бен айналадағы адамдардың игілігі үшін дұға жасауға шақырамын. Адамдар арасындағы мейірбандық пен достық, татулық пен құрмет сынды құндылықтарды арттыра түсетін айтулы күнде айналамызға алғыс айтып, тілеулестігімізді білдіре жүрейік, ағайын!

Алла Тағала еліміз бен жерімізді түрлі сынақтан сақтап, халқымызды аман еткей. Деніміз қуатты, әр күніміз шуақты болғай! Әмин!   

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

«АБАЙ» кітапханасынан медицина бұрышы ашылды (ФОТО)
Бұдан бірнеше ай бұрын ҚМДБ Орталық аппараты ғимаратында ресми түрде ашылған «Абай» кітапханасы жаңа кітаппен толықты.
Шымкент: «Хәкім Абай һәм Ихсан ілімі» кітабы жарық көрді
Шымкент орталық мешітінің наиб имамы, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміровтің «Хәкім Абай һәм Ихсан ілімі» атты шағын кітабы жарық көрді.
Бас мүфти 100 отбасыға ережеп сыйлығын берді (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына барған сапарында жамағатты қасиетті Ережеп айының келуімен құттықтап, сауабы мол айдың құрметіне 100 отбасыға арнайы сыйлық үлестірді....
Наурызбай қажы Тағанұлы Құран жарысының жеңімпаздарын марапаттады (ФОТО)
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласында әйел-қыздар арасында өткен Құран жарысының жеңімпаздарын арнайы құттықтап, марапаттады.
Бас мүфти 7 баланың әкесі, белсенді имамға пәтер кілтін табыстады (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына барған жұмыс сапарында дін қызметкері Өсімхан Тілеуовке баспана кілтін табыс етті....
Бас мүфти «Халық арна» телеарнасының Атыраудағы студиясында сұхбат берді (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырауда ашылған «Халық арна» телеарнасының студиясында болып, бөлімшенің жұмысымен танысты. Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Бас мүфтиге студия жұмысын таныстырып, ақпарат саласындағы бастамаларын баяндап берді...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi