«ӘБУ-ХАНИФА» МЕДРЕСЕСІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Алматы қаласы Бостандық ауданы «Байкен» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді.
«Әбу Ханифа» медресе колледжінде 120-ға жуық шәкірт тәлім алуда. Алматы өкілдігінің жылдық жоспары негізінде медресеге және болашақ дін маманы болуды мақсат тұтқан тәлімгер шәкірттерге қайырымдылық көмек жасалды. Желтоқсан айының жоспары аясында «Байкен» мешітінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлының ұйытқы болуымен «Әбу Ханифа» медресе-колледжіне және шәкірттеріне қаржылай - 170мың теңге, сонымен қатар 300 кг азық-түлік табысталды. Жалпы 500 000 теңгелік қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Сауапты іске ат салысқан азаматтарға Алла разы болғай!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі