ҚАДІР ТҮНІ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР
Талдықорған
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таң 04:04
Талдыкорган
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Талдыкорган
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:04 05:24 11:53 16:22 18:17 19:37
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
2 Шавваль 1446
Миләди
01 сәуір 2025

Бас имам блогы

ҚАДІР ТҮНІ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР

Дұғалар топтамасы

Жан байлығы мен материалдық игілік дұғасы

اللَّهُمَّ إنِّي أَسْأَلُكَ الهُدَى وَالتُّقَى، وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى

«Аллаһумма инни асәалукал һудә, уат-туқа, уал-ъафафа уал-ғина»

Мағынасы: «Уа, Алла! Сенен тура жол, тақуалық, жан тазалығы мен байлық сұраймын».

 

Алладан амандық сұрайтын дұға

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْعَافِيَةَ فِي الدُّنْيَا وَالآخِرَةِ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْعَفْوَ وَالْعَافِيَةَ فِي دِينِي وَدُنْيَايَ وَأَهْلِي وَمَالِي، اللَّهُمَّ استُرْ عَوْرَاتي، وآمِنْ رَوْعَاتي، اللَّهمَّ احْفَظْنِي مِنْ بَينِ يَدَيَّ، ومِنْ خَلْفي، وَعن يَميني، وعن شِمالي، ومِن فَوْقِي، وأعُوذُ بِعَظَمَتِكَ أنْ أُغْتَالَ مِنْ تَحتي

«Аллаһумма инни әсәлукәл-ьафуа уәл-ьафиәтә фид-дунйа уәл-әхира. Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә: фи диниуә дунйа-йа уә әһли, уә мәли. Аллаһуммас-тур ъаурати уә әмин рауъати Аллаһуммах-фазни мин бәйни йәдәййа уә мин халфи, уә ъан йәмини уә ъан шимәли, уә мин фәуқи, уә әъузубиъазамәтикә ән уғтәлә мин тәхти».

Мағынасы: «Я, Алла! Сенен дүние және ақыретте жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. Уа, Алла! Дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Менің әбүйірімді Өзің бүркеп қойғайсың, мені қорқыныштан аман еткейсің. Уа, Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан және төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз ұлылығыңнан пана сұраймын!

 

Салиқалы әйел сұрау

رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ أَزْوَاجِنَا وَذُرِّيَّاتِنَا قُرَّةَ أَعْيُنٍ وَاجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِينَ إِمَامًا

«Роббәнә һәб ләнә мин әзуәжинә уә зурриәтинә қурротә әъиуни, уәж-ъәлнә лил муттәқинә имәмә»

Мағынасы: «Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың жетекшісі ете гөр!»

 

Қырсық әйелдің, жаман достың кесірінен Аллаға сыйыну

اللَّهُمَّ إنِّي أّعُوذُ بِكَ مِنْ جَارِ السُّوءِ، وَمِنْ زَوْجٍ تُشَيِّبُنِي قَبْلَ المَشِيبِ، وَمِنْ وَلَدٍ يَكُونُ عَليَّ رَبّاً، وَمِنْ مَالٍ يَكُونُ عَلَيَّ عَذَابَاً، وَمِنْ خَلِيْلٍ مَاكِرٍ عَيْنُهُ تَرَانِي، وَقَلْبُهُ يَرْعَانِي؛ إِنْ رَأَى حَسَنَةً دَفَنَهَا، وَإِذَا رَأَى سَيِّئَةً أَذَاعَهَا

«Аллаһумма инни әъузубика мин жәрис-суи, уа мин зәужин тушайибуни қабләл мәшиб, уа мин уаләдин якуну ъаләйа раббан, уа мин мәлин якуну ъаляйа ъазабан, уа мин халилин мәкирин ъайнуху тарани уа қалбуһу яръани ин раа хасанатан дафанаһа, уа изә раа сайиатан азаъаһа»

Мағынасы: «Уа, Алла! Сенен жаман көршіден, шашты мезгілінен бұрын ағартатын әйелден, қожайындық ететін баладан, азапқа айналатын дүниеден, көзі мені көретін, ал жүрегі аңдып отыратын, әрі менен бір жақсылық көрсе жасыратын, жамандық байқаса жар салатын достан сақта деп пана сұраймын»

 

Адам пайғамбардың тәубе дұғасы

رَبَّنَا ظَلَمْنَا أَنفُسَنَا وَإِن لَّمْ تَغْفِرْ لَنَا وَتَرْحَمْنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِينَ

«Роббәнә заләмнә әнфусәнә уә ил-ләм тәғфир ләнә уәтәрхәмнә ләнәкуунәннә минәл хасириин»

Мағынасы: «Раббымыз! Біз өзімізге зұлымдық еттік. Енді бізді кешіріп, рақым етпесең, зиянға ұшырағандар қатарынан боламыз»

 

Тәубе төресі дұғасы

 

اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لاَ إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ، خَلَقْتَنِي وَأَنَا عَبْدُكَ، وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ، أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ، وَأَبُوءُ لَكَ بِذَنْبِي؛ فَاغْفِرْ لِي؛ فَإِنَّهُ لاَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ.

«Аллаһуммә Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә ъабдукә, уә әнә ъалә ъаһдикә уә уәъдикә мәстәтағту, әъузу бикә мин шәрри мә санәъту әбу-у ләкә би-ниъмәтикә ъәләййа уә әбу-у би-занби, фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфируз-зунубә иллә Әнта»

Мағынасы: «Уа Алла! Сен – Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн шама-шарқым жеткенше Саған деген уәдемді, әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сиынамын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын, әрі күнәларымды да мойындаймын. Мені жарылқай гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ»

 

Кешірім сұрау дұғасы

 

اللَّهُمَّ إنِّي ظَلَمْتُ نَفْسِي ظُلْمًا كَثِيرًا، ولَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إلَّا أنْتَ، فَاغْفِرْ لي مَغْفِرَةً مِن عِندِكَ، وارْحَمْنِي إنَّكَ أنْتَ الغَفُورُ الرَّحِيمُ.

«Аллаһуммә инни заләмту нәфси зулмән кәсиран, уә лә яғфируз-зунубә иллә Әнтә. Фағфир ли мәғфиратән мин ъиндикә уәрхамни, иннәкә Әнтәл-Ғафурур-Рахим»

Мағынасы: «Уа, Алла! Шын мәнінде, мен өзіме көп зұлымдық жасадым. Күнәларды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ. Жарылқауыңмен мені кешір де, маған рақым ет. Расында, Сен аса Жарылқаушы, ерекше Рахымдысың»

 

Қадір түнінде оқылатын дұға

Айша анамыз (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алла Елшісі! Қадір түні екенін білмес, қандай дұға-тілек айтуым керек?» ‒ деп сұрағаны:

اللهمَّ إنك عفوٌّ تُحبُّ العفوَ فاعفُ عنِّي

«Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббуль-ъафуа фаъфу-ъанни»,-дейді Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын)

Мағынасы: «Уа, Алла! Ақиқатында, Сен – Кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің. Мені кешіре гөр»

 

Қабір және қарттық азабынан сыйыну

 

اللَّهُمَّ إنِّي أعُوذُ بِكَ مِنَ البُخْلِ، وَأَعوذُ بِكَ مِنَ الجُبْنِ، وَأعُوذُ بِكَ أنْ أُرَدَّ إِلَى أَرْذَلِ العُمُرِ، وَأعُوذُ بِكَ مِنْ فِتْنَةِ الدُّنْيَا، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ القَبْرِ

«Аллаһуммә, инни әъузу бикә минәл-бухли, уә әъузу бикә минәл-жубни, уә әъузу бикә мин ән ураддә илә әрзәлил-ъумури, уә әъузу бикә мин фитнатид-дунйа уә ъазәбил-қабр»

Мағынасы: «Уа, Алла! Ақиқатында, Саған сараңдықтан сыйынамын, әрі қорқақтықтан сақта деп сыйынамын. Қаусаған қарт болып қалудан сыйынамын, сондай-ақ Саған дүние бүлігінен және қабір азабынан сақта деп сыйынамын.

 

Көркем құлшылық дұғасы

اللَّهُمَّ أعِنَّا عَلَى ذِكْرِكَ، وَشُكْرِكَ، وَحُسْنِ عِبَادَتِكَ

«Аллаһуммә әъинни ъалә зикрикә, уә шукрикә, уә хусни ъибәдәтик»

Мағынасы: «Уа, Алла! Өзіңді зікір етуге, Саған шүкір етуге әрі Саған көркем түрде құлшылық етуге маған жәрдем бер».

 

Жәннат сұрау, тозақтан сиыну дұғасы

اللَّهمَّ إنِّي أسألُكَ الجنَّةَ، وأَعوذُ بِكَ منَ النَّارِ

«Аллаһуммә инни әс-әлукәл жәннәтә уә әъузу бикә мин ән-нәр»

Мағынасы: «Уа, Аллa! Сенен Жәннатты сұраймын, әрі тозақтан сақта деп Өзіңе сиынамын»

 

Қарыз және уайым басқан кісі дұғасы

 

اللَّهُمَّ إنِّي أعُوذُ بكَ مِنَ الهَمِّ والحَزَنِ، والعَجْزِ والكَسَلِ، والبُخْلِ والجُبْنِ، وضَلَعِ الدَّيْنِ، وغَلَبَةِ الرِّجَالِ

«Аллаһуммә инни әъузу бикә минәл-һәмми уәл-хазәни, уәл-ъажзи уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә далъид-дәйни уә ғаләбәтир-рижәл»

Мағынасы: «Уа, Алла! Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан әрі адамдардың жәбірлеуінен сақта деп сиынамын»

 

Ісіңе береке сұрау

 

اللَّهُمَّ رَحْمَتَكَ أَرْجُو، فَلاَ تَكِلْنِي إِلَى نَفْسِى طَرْفَةَ عَيْنٍ، وَأَصْلِحْ لِي شَأْنِي كُلَّهُ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ

«Аллаһуммә, рахмәтәкә әржу, фә лә тәкилни илә нәфси тарфәтә ъайн, уә аслих ли шәни кулләһу, лә иләһа иллә Әнта»

Мағынасы: «Уа, Алла! Сенің рахымыңды үміт етемін. Мені бір мезетке болса да өз нәпсіме тастама. Менің барлық жұмыстарымды оңғар. Сенен басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ»

 

Пайдалы білім сұрау

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ عِلْمًا نَافِعًا، وَرِزْقًا طَيِّبًا، وَعَمَلًا مُتَقَبَّلًا

«Аллаһуммә, инни әсәлукә ъилмән нәфиъан, уә ризқан тай-ибән, уә ъамәлән мутәқаббәлән»

Мағынасы: «Уа, Алла! Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі (өз құзырында) қабыл болатын амал сұраймын»

 

 

Қайтыс болған адамдар үшін

رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا وَلِإِخْوَانِنَا الَّذِينَ سَبَقُونَا بِالْإِيمَانِ وَلَا تَجْعَلْ فِي قُلُوبِنَا غِلًّا لِّلَّذِينَ آمَنُوا رَبَّنَا إِنَّكَ رَءُوفٌ رَّحِيمٌ

«Раббәнә ғфир ләнә уәли ихуәнинәл ләзиинә сәбәқуунә билиимәни уәлә тәжъал фии қулуубинә ғилләл лилләзиинә әмәнуу раббәнә иннәкә рәууфур рахиим»

Мағынасы: «Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген бауырларымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір жек көрушілік қылма»  (Хашыр сүресі, 10-аят).

 

Салиқалы ұрпақ сұрау

رَبِّ اجْعَلْنِي مُقِيمَ الصَّلَاةِ وَمِن ذُرِّيَّتِي ۚ رَبَّنَا وَتَقَبَّلْ دُعَاءِ

«Робби жъални муқиимәс соләтии уәмин зуррииәтии Раббәнә уә тәқаббәл дуъә»

Мағынасы: «Раббым! Мені және ұрпағымды намазды толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!» (Ибраһим сүресі, 40-аят)

 

Екі дүние игілігін сұрау

رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الْآخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ

«Раббәнәә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә ъазәбән-нәр»

Мағынасы: «Раббымыз! Бізге бұл дүниеде жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта!» (Бақара сүресі, 201-аят)

 

Шипа сұрау

أَنِّي مَسَّنِيَ الضُّرُّ وَأَنتَ أَرْحَمُ الرَّاحِمِينَ

«Әннии мәссәни-иәддурру уә әнтә әрхәмур-рохимин»

Мағынасы: «Маған бір пәлекет келді. Сен мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің»

 

Ата-ана үшін жасалатын дұға

رَّبِّ ارْحَمْهُمَا كَمَا رَبَّيَانِي صَغِيرًا

«Робби рхәмһумәә кәмә роббәиәни соғиро»

Мағынасы: «Раббым, Мені кішкентайымнан (әке-шешем) тәрбиелеп өсіргенідей оларға да мейірім ет»

 

Ауру-сырқаудан және жоқшылықтан сыйыну

اللَّهمَّ عافِني في بَدَني، اللَّهمَّ عافِني في سَمْعي، اللَّهمَّ عافِني في بَصَري، لا إلهَ إلَّا أنتَ؛

اللَّهمَّ إنِّي أَعوذُ بكَ مِنَ الكُفرِ والفَقرِ، اللَّهمَّ إنِّي أَعوذُ بِكَ مِن عَذابِ القَبرِ، لا إلهَ إلَّا أنتَ

«Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһуммә ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи бәсари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқри, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабри, лә иләһә иллә әнт».

Мағынасы: «Уа, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Құлағыма саулық бер! Уа, Алла! Көз жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан сақта деп Өзіңе сыйынамын. Сондай-ақ қабір азабынан сақта деп Сенен сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ»

 

Жақсы мінез сұрау

اللَّهمَّ اهْدِنِي لِأَحْسَنِ الْأَخْلَاقِ لاَ يَهْدِني لِأَحْسَنِها إلَّا أَنْتَ، وَقِنِي سَيِّئَ الْأَعْمَالِ وَالْأَخْلاَقِ لاَ يَقِي سَيِّئَهَا إِلاَّ أَنْتَ

«Аллаһумма инни әъузу бикә мин ән ураддә илә әрзәлил-ъумр. Аллаһуммаһ-дини әхсәнәл-әъмәли, уәл-әхләқи лә йәһди ли әхсәниһә иллә әнтә. Уә қини сәиәл-әъмәл уәл әхләқ, лә яқи сәиәһә иллә әнт»

Мағынасы: «Уа, Алла! Мені ең көркем мінәз-құлыққа жетеле. Расында, оның ең жақсысына Сенен басқа ешкім жетелей алмайды. Сондай-ақ, жаман іс-әрекет пен мінез-құлықтан сақта. Өйткені, мінез-құлықтың жаманынан тек Сен қорғайсың»

 

Ризық сұрау

اللَّهُمَّ زِدْنَا وَلَا تَنْقُصْنَا، وَأَكْرِمْنَا وَلَا تُهِنَّا، وَأَعْطِنَا وَلَا تَحْرِمْنَا، وَآثِرْنَا وَلَا تُؤْثِرْ عَلَيْنَا، وَأرْضِنَا وَارْضَ عَنَّا

«Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә лә ту-әссир ъаләйнә»

Мағынасы: «Уа, Алла! Көбейте гөр, кемітпе. Сыйлы қыл да, қор етпе. Бере гөр де, мақұрым етпе. Бізді үстем ет, бізден үстем болмасын»

 

اللَّهُمَّ أَحْسِنْ عَاقِبَتِنَا فِي الْأُمُورِ كُلِّهَا، وَأَجِرْنَا مِنْ خِزْيِ الدُّنْيَا وَعَذَابِ الْآخِرَةِ

«Аллаһумма әхсин ъақибәтәнә фил-умури куллиһә, уә әжирнә мин хизид-дуния уә ъазәбил-әхира»

Мағынасы: «Уа, Алла! Барлық істерімнің соңын, нәтижесін жақсы да көркем ет. Дүние қорлығынан және ақырет азабынан құтқар»

 

Жақсылық сұрау

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ فَوَاتِحَ الْخَيْرِ، وَخَوَاتِمَهُ، وَجَوَامِعَهُ، وَأَوَّلَهُ، وَظَاهِرَهُ، وَبَاطِنَهُ، وَالدَّرَجَاتِ الْعُلَا مِنَ الْجَنَّةِ، اللَّهُمَّ إنِّي أَسْأَلُكَ أنْ تَرْفَعَ ذِكْرِي، وَتَضَعَ وِزْرِي، وَتُصْلِحَ أمْرِي، وَتُطَهِّرَ قَلْبِي، وَتُحَصِّنَ فَرْجِي، وَتُنَوِّرَ قَلْبِي، وَتَغْفِرَ لِي ذَنْبِي

«Аллаһумма инни әс-әлукә фәуәтихәл-хайри уә хауәтимәһу уә жауәмиъәһу, уә әууәләһу уә әхираһу уә заһираһу уә бәтыйнәһу, уәддәражәтил-ъулә минәл-жәннә. Аллаһумма инни әс-әлукә ән тарфәъә зикри, уә тәдаъа уизри, уә тутаһһира қалби, уә тухассинә фаржи, уә тәғфира ли зәнби»

Мағынасы: «Уа, Алла! Жақсылықтың бастауы мен соңын, әуелгісі мен ақырғысын, ашығы мен жасырынын әрі жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Менің абыройымды жоғарылатып, қиыншылығымды кетір, жүрегімді тазалап, әуретімді (ұятымды) сақта және күнәмды кешір»

 

Қиыншылықтан, бақытсыздықтан сыйыну

اللهمَّ إنِّي أعُوذُ بِكَ مِنْ جَهْدِ الْبَلَاءِ، وَدَرَكِ الشَّقَاءِ، وَسُوءِ الْقَضَاءِ، وَشَمَاتَةِ الْأَعْدَاءِ

«Аллаһумма инни әъузу бикә мин жәһдил-бәләи, уә дәркиш-шақаи, уә суил-қадаи, уә шәмәтәтил-әъдә»

يَا مُقَلِّبَ القُلُوبِ ثَبِّت قَلْبِي عَلَى دِينِكَ

«Иә муқаллибәл-қулуби сәббит қалби ъалә диник»

اللَّهُمَّ مُصَرِّفَ القُلُوبِ صَرِّفْ قُلُوبَنَا عَلَى طَاعَتِكَ

«Аллаһумма мусаррифәл-қулуби сарриф қалби ъалә таъатик»

Мағынасы: «Уа, Алла! Сынақ қиыншылықтарынан, бақытсыздықтардың жалғасуынан, тағдырдың жамандығынан, дұшпандардың басынуынан сақта деп Саған сыйынамын. Уа, жүректерді құбылтушы Алла! Жүрегімді Өз дініңе орнықтыр. Уа, жүректерді бағыттаушы Алла! Жүректерді Өзіңе бойұсынуға бағыттағайсың»

 

Алладан жақсы көретін жүрек, иман сұрау

اللَّهمَّ أسألُكَ حُبَّكَ ، وحَبَّ مَن يُحِبُّكَ ، وحُبًّا يُبَلِّغُني حُبَّكَ

«Аллаһумма инни әс-әлукә хуббәкә уә хуббә мән йухиббукә, уә хуббән йубәллиғуни хуббак»

Мағынасы: «Уа, Алла! Сені жақсы көруді және Сені жақсы көргенді жақсы көруді, сондай-ақ Сенің жақсы көруге жеткізетін (адамды, амалды) жақсы көруді нәсіп ет деп сұраймын»

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ خَيْرَ الْمَسْأَلَةِ،وَخَيْرَ الدُّعَاءِ، وَخَيْرَ النَّجَاحِ، وَخَيْرَ الْعَمَلِ،وَخَيْرَ الثَّوَابِ، وَثَبِّتْنِي، وَثَقِّل مَوَازِينِي، وَحَقِّقْ إِيمَانِي، وَارْفَعْ دَرَجَاتِي، وَتَقَبَّلْ صَلاَتِي، وَاغْفِرْ خَطِيئَتِي، وَأَسْأَلُكَ الدَّرَجَاتِ العُلاَ مِنَ الْجَنَّةِ،

«Аллаһумма инни әсәлукә хайрал мәсәләти, уә хайрад-дуъаи уә хайран-нәжәхи, уә хайрас-сәуәби. Уә сәббитни уә сәққил мауазини, уә хаққиқ имәни, уәрфаъ дәражәти, уә тәқаббәл саләти уә ъибәдәти, уәғфир хати-әти уә әс-әлукәд-дәражәтил-ъулә минәл-жәннә»

Мағынасы: «Уа, Алла! Сенен тілектің қайырлысын, дұғаның жақсысын, жетістіктің ең жақсысын және жақсы сауап сұраймын. Мені бекем ет және таразымды ауырлат, иманымды нығайт, дәрежемді көтер, намазымды және ғибадаттарымды қабыл ет, қатемді кешір және маған жоғары дәрежелі жәннатты нәсіп ет»

Береке сұрау

اللَّهُمَّ إنِّي أَسْأَلُكَ أنْ تُبَارِكَ فِي نَفْسِي، وَفِي سَمْعِي، وَفِي بَصَرِي، وَفِي رُوحِي، وَفِي خَلْقِي، وَفِي خُلُقِي، وَفِي أَهْلِي، وَفِي مَحْيَايَ، وَفِي مَمَاتِي، وَفِي عَمَلِي، فَتَقَبَّلْ حَسَنَاتِي، وَأَسْأَلُكَ الدَّرَجَاتِ العُلَا مِنَ الْجَنَّةِ

«Аллаһумма инни әс-әлукә ән тубәрикә фи сәмъи, уә фи бәсари, уә фи халқи, уә фи хулуқи, уә фи әһли, уә фи махйая, уә фи ъамәли, уә тәқаббәл хәсәнәти, уә әсәлукәд-даражәтил-ъулә минәл-жәннә»

Мағынасы: «Уа, Алла! Менің естуімді, көруімді, мінезімді, сырт келбетімді, отбасымды, өмірімді және амалымды берекелі етуіңді сұраймын, ізгі амалдарымды қабыл еткейсің. Сенен жәннаттағы биік дәрежені сұраймын».

 

Алланың разылығын сұрау

اللَّهُمَّ إنِّي أسألُكَ صِحَّةً فِي إيمانٍ وإيماناً فِي حُسْنِ خُلُقٍ ونَجَاحاً يَتْبَعُهُ فَلاحٌ وَرَحْمَةً مِنْكَ وعافِيَةً وَمَغْفِرَةً مِنْكَ ورِضْواناً

«Аллаһумма инни әсәлукә сиххатән фи имәни, уә имәнән фи хусни хулуқин, уә нәжәхән йәтбәъуһу фәләх. Рахмәтән минкә уә ъафиәтән минкә, уә мәғфиратән уә ридуәнә»

Мағынасы: «Уа, Алла! Шынайы иман, иманды көркем мінез, артынан бақыт ілескен табыс сұраймын. Сенен мейірім және жарылқау, кешірім және разылығыңды сұраймын».

 

Алладан көмек сұрау

اللَّهُمَّ أَصْلِحْ لِي دِينِي الَّذِي هُوَ عِصْمَةُ أَمْرِي، وَأَصْلِحْ لِي دُنْيَايَ الَّتِي فِيهَا مَعَاشِي، وَأَصْلِحْ لِي آخِرَتِي الَّتِي فِيهَا مَعَادِي، وَاجْعَلِ الْحَيَاةَ زِيَادَةً لِي فِي كُلِّ خَيْرٍ، وَاجْعَلِ الْمَوْتَ رَاحَةً لِي مِنْ كُلِّ شَرٍّ

«Аллаһумма әслих ли динил-ләзи һууә ъисмәту әмри, уә әслих ли дуния ләти фиһә мәъәши, уә әслих ли әхиратил-ләти иләйһә мәъади, уәжъалил-хәятә зиядатән ли фи кулли хайр, уәжъалил-мәутә рахатән ли мин кулли шәр»

Мағынасы: «Уа, Алла! Істерімнің қорғаушысы болған дінімді, өмір сүретін дүниемді, қайтып оралатын ақыретімді түзегейсің. Өмірімді ізгі амалмен көбейт, өлімімді барлық жамандықтан құтылу қылғайсың»

رَبِّ أَعِنِّي وَلَا تُعِنْ عَلَيَّ، وَانْصُرْنِي وَلَا تَنْصُرْ عَلَيَّ، وَامْكُرْ لِي وَلَا تَمْكُرْ عَلَيَّ، وَاهْدِنِي وَيَسِّرِ الهُدَى إِلَيَّ

«Уә Рабби әъинни уә лә туъин ъаләйя уәнсурни уә лә тәнсур ъаләйя, уәһдини уә йәссирил-һудә ли".

Мағынасы: «Уа, Раббым! Маған көмектесе гөр және маған қарсы көмектеспегейсің. Мені жеңіске жеткіз және біреуге жығып берме. Мені тура жолға сал және тура жолды маған жеңіл қылғайсың»

 

Жамандықтан пана сұрау

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ مُنْكَرَاتِ الْأَخْلَاقِ، وَالْأَعْمَالِ، وَالْأَهْوَاءِ

«Аллаһумма инни әъузу бикә мин мункәратил-әхләқи уәл-аъмәли уәл-әһуә-иуәл-әдуә. Уә әъузу бикә мин ғаләбәтид-дәйни уә қаһрир-рижәли, уә шәмәтәтил-әъдә»

Мағынасы: «Уа, Алла! Мен Сенен мінез-құлықтың, амалдардың, нәпсі-қалауларының және дерттердің жаманынан пана сұраймын. Уа, Алла! Сенен қарызға батудан, адамдардың өктемдігі және дұшпандардың табалауынан пана сұраймын»

 

 

Дайындаған

Алматы қаласының бас имамы Төлеби ОСПАН

 

 

Рамазан ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАТЫН АЙ
Он екі айдың сұлтаны Рамазан – жақсылықта жарысатын қайырымдылық айы. Бұл айда басқа уақытқа қарағанда анағұрлым көбірек ізгілік пен жақсылық жасауға ұмтылған жөн....
Қажылық ҚАЖЫЛЫҚ: БИЫЛ ҚАНДАЙ ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ?
Кімде кім Алланың ризашылығы үшін қажылық парызын өтеу барысында жаман сөзден, теріс қылықтардан, күнәлардан сақтанса, анасынан туылғандай пәк болып қайтады.
Ағымдар мен секталар ШИҒА ШЫҒАРҒАН ШЫРҒАЛАҢ
Имам Маликтің замандасы, хадис ғалымы Шағби: «Уа, Малик! Мен барлық адамның табиғатын зерттедім. Мыналар сияқты ақымақ елді көрмедім. Бұл жануар кейпінде болса есек, құс бейнесінде болса құзғын болар еді», – деп шиғалардың болмысы жайлы ой бөліскен екен....
Қоғам ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ
Қазақстан атты елдің Конституциясына негізделген заң бойынша еліміз өзінің тұрақтылық жолын толеранттылықтан бастаған. Толеранттылық ізгілікті, дұрыс іс ретінде қарастырған. Толеранттылық елімізде өмір сүріп жүрген халықты бүтіндікке алып барар жол....
Пайғамбар өмірбаяны МЕЙІРІМ ПАЙҒАМБАРЫ
Ардақты Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі айтқан бес есімінің бірі – мейірімділік пайғамбары. Құран Кәрімде: «Біз сені бүкіл әлемге рахмет (мейірімділік) етіп жібердік», – деп («Әнбия» сүресі, 107-аят) Алла Елшісінің миссиясы мейірімділікке негізделгенін паш етеді....
Қоғам АТА ЗАҢ - ЕЛ ТІРЕГІ
Ата заң – елге қызмет етіп, халықтан құралған мемлекетте ізгі қоғам құру әрбір парасат иесіне жүк.
Ғұламалардың өмірбаяны ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ ӘБУ ХАНИФА МЕН АБАЙ
Бұл дүниеде өмір сүрген кезден бастап дінмен (наныммен) тығыз қарым-қатынаста болған түркілер, Қарахандар кезеңінде, сонымен қатар Саманидтер дәуірінде Ислам дінінің Сүнниттік Ханафи бағытын қабылдаған болатын. Яғни, өздерінің Ислам туралы түсініктерін Ханафилік бағыты шеңберінде құрды. Ханафи мазха...
Ислам тарихы ИСЛАМ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА
Жаны саудың – тәні сау демекші, асыл дініміз адамның жан дүниесінің тепе-теңдігімен қатар физиологиялық денсаулығына да ерекше көңіл бөледі.
Рамазан ҚИСАПСЫЗ САУАПҚА КЕНЕЛТЕТІН ҚҰЛШЫЛЫҚ
Қырық жасқа келген шағы. Әдеттегідей Хира үңгірінде бір-екі жұма қылуетте отыратын. Кенет ақ киімді бейтаныс кісі пайда болды. Әй-шай жоқ: "Оқы", - деді. "Мен оқуды білмеймін", - деді....
Рамазан ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-САНАСЫ ДІНМЕН ҮНДЕСЕДІ
Шамалы күннен соң Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мейрамымен қатарласа барша мұсылман жамағаты үшін қасиетті саналатын Рамазан айы басталады. Осы киелі ай қарсаңында халықтың оразаға дайындығы, елдегі діни ахуал, дін мен дәстүрдің сабақтастығы турасында Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мен сұхбатт...
Қоғам ІЗГІ ҚОҒАМ
Құран Кәрімнің: «Алла пайғамбарларын жіберу арқылы жер бетін түзеп жөнге келтіргеннен кейін онда бүлік шығарып, бұзғыншылық жасамаңдар...[1]», - деген аяты әр пайғамбардың адамзат қоғамына ізгілік қалыптастыратындығы жайлы баян етеді. Бұл аяттағы «түзеп жөнге келтіру» ізгілік жолына салған соң деген...
Мәнһәж СҮННЕТКЕ АМАЛ ЕТУ
Қазақ атам мұсылманшылыққа мойынсұнған күннен бастап, сүннетті салтым деп білген. Салт-дәстүрімізге сүннеттің сіңгенінің арқасында атеистік саясат замандарында да біз асыл дінімізден айырылмадық....
Қажылық «ҚАЖЫ» ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ?
Ислам дінінің бес негізінің бірі – қажылық жасау. Бұл құлшылық қаражаты мен денсаулығы көтеретін мұсылманға парыз. Құран Кәрімде: «Алла разылығы үшін Қағбаны зиярат етіп, (қажылық қылу) жолына (қаражаты мен денсаулығы) шамасы келгендерге парыз...[1]», - деген аят бар....
Қоғам ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) төрт қыздың әкесі. Кенже қызы Фатима жәннат әйелдерінің ханшайымы болатындығы риуаяттарда айтылады.
Пайым-парасат ҚИЫНДЫҚТАН ҚОРҒАЙТЫН ҚҰЛШЫЛЫҚ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние салғанда кеше ғана ру-ру, ауыл-ауыл болып мұсылмандықты қабылдағандар діннен шыға бастады. Біреулері біржола кетсе, кейбір ауылдар «Зекетті пайғамбарға бердік. Ол бақилық болды, енді ешкімге бермейміз» деп малының ақысын беруден бас тартт...
Ислам күнтізбесі АЙТ - ШҮКІРШІЛІК МЕРЕКЕСІ
Рамазан құлшылық пен шүкіршілік, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, ізінше тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне қуаныш сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке....
Рамазан РАМАЗАННАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙЫМЫЗ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір сүйінші хабарында: «Алла Тағала айт күні періштелерінің алдында Өзінің пенделерін мақтаныш етіп: «Періштелерім! Өз ісін атқарған қызметшінің хақы қандай?», - деп сұрағанда, періштелер: «Уа, Раббымыз! Оның хақы – ақысын толық төлеу», ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
2 Шавваль 1446
Миләди
01 сәуір 2025
Намаз уақыттары
қазір 23:53:43

Таң 04:04

Имсакқа дейін 05:30

Ассалаума ғалайкум, ардақты ағайын! Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алла Тағала ұстаған оразаларымыз бен оқыған тарауих намаздарымызды және дұға-тілектеріміз бен берген пітір-зекеттерімізді қабыл еткей! 
Ораза айт құтты және берекелі болсын! Бұл мейрам әр шаңыраққа шаттық, молшылық пен амандық әкелсін! Жүректеріміз иманға толып, жасаған дұғаларымыз бен ізгі амалдарымыз қабыл болсын!

Құрметпен, Алматы қаласының бас имамы Төлеби ОСПАН

#оразаайт2025

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние салғанда кеше ғана ру-ру, ауыл-ауыл болып мұсылмандықты қабылдағандар діннен шыға бастады. Біреулері біржола кетсе, кейбір ауылдар «Зекетті пайғамбарға бердік. Ол бақилық болды, енді ешкімге бермейміз» деп малының ақысын беруден бас тартты.

Сындарлы шақта сахабалар «мұсылман болып қалғаны дұрыс, зекетін бермесе бермесін» дегендей ой айтты. Өйткені сол шақта мұсылман қоғамына үлкен қауіп төніп тұрған. Алайда Әбу Бәкір Сыддық (оған Алла разы болсын): «Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) беріп жүрген малының бас жігін маған бермейтін болса, олармен соғысамын. Зекет – малдың ақысы. Намаз бен зекеттің арасын бөлген әрбір адаммен соғысамын», – деп намаз бен зекет егіз құлшылық екенін ұғындырған еді.

Зекет – асыл дініміздің үшінші негізі. Құранның көптеген аяттарында намаз бен зекет қатар жүреді. Зекет «тазару, көбею» деген мағынаны білдіреді. Шынында зекеттің кісінің мал-дүниесін тазартып, оның еселеп көбеюіне зор септігі бар. Алла Тағала Құранда Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Олардың дүние-мүлкінен зекет, садақа ал да, сол арқылы оларды тазартып, күнәларынан арылт әрі сауабы мен ықыласының артуына дәнекер бол...» («Тәубе» сүресі, 103-аят) дейді.

Зекеттің сырын ашатын отызға жуық аят бар. Алла Тағала зекетті адамдардың мүддесі мен игілігі үшін парыз еткен. Зекет – қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық мәселені шешудің тетігінің бірі. Әрі бұл –барлық үмбеттерге ортақ парыз. Құран Кәрімде: «...Сөйтіп, оларға қайырлы да игі істер істеуді, намазды кемеліне жеткізіп оқуды және зекет беруді уахи еттік...» («Әнбия» сүресі, 73-аят) деген аят соны білдіреді.

Зекеттің әлеуметтік мәселемен қатар қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қасиеті бар. Дәулеттілер және кедейлердің арасын жақындату арқылы ұрлық, тонау және басқа да қылмыстардың алдын алады. Бұған қоса қоғамның моралдық келбеті мен адами құндылықтардың дәріптелуіне үлкен септігі бар. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қиын-қыстау кезде бауырына қол ұшын созған адамға Алла Тағала жәрдем береді. Алла мұсылманның уайымын бөліскен адамның қияметтегі қиындығын жеңілдетеді...» деп қоғамда қайырымдылық пен бір-біріне көмек берудің қаншалықты маңызды екенін айтқан.

Абдулла Омарұлы (оған Алла разы болсын): «Алла елшісімен бірге мешітте он кісі болып отырған едік. Ансарлық бір жігіт: «Уа, Алланың елшісі! Мұсылманның қайсысы абзал?» деп сұрады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мінез-құлқы жақсысы» деді. «Ең ақылдысы кім?» дегенде: «Өлімді көп ойлап, соған дұрыс қамын жасайтыны» деп жауап берді. Сосын Пайғамбарымыз: (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, мұхажирлер! Бес қасірет бар. Сол күнді сендер көрмесе екен деп Алладан тілеймін. (Біріншісі) Ел арасында арсыздық пен азғындық ашық белең алса, онда олар бұрын-соңды көрмеген түрлі ауру мен обаға душар болады. (Екіншісі) Сауда-саттықта таразыдан алдайтын болса, азық-түлік жетіспеушілігіне тап болады, (үшінші) мал-мүліктің зекетін бермейтін болса, жаңбыр жаумай қуаңшылық жайлайды...» деген еді. Демек, зекетке салық деп қарау – қателік. Бұл иләһи заңның бір тетігі. Ол бұзылса, зардабын зекет беруден бас тартқан адам емес, жаппай қоғам тартады. Сондықтан бұл парызды дұрыс насихаттау міндетіміз.

Айша анамыз (оған Алла разы болсын): «Пайғамбар әрдайым: «Уа, Алла! Тозақтан, тозақтың азабынан пана тілеймін. Байлықтың бүлігінен және кедейліктің бүлігінен Сенен пана тілеймін» деп дұға етуші еді», – дейді. Кедейліктен көз ашпаған адам Құдайын ұмыта бастайды. Байларға да іштей наразылығы туындап, іштарлық отына өртенеді. Кейде тиын-тебен үшін ар-намысын қор етуге де баруы ықтимал. Міне, осылайша кедейлік пен жоқтық күпірлік болмаса да соған жетелейді.

Демек зекет – дінімізің тірегі. Бұл ғибадаттың ғибратты тұстары өте көп. Жаппай қоғамды түзейтін факторымен қатар жеке адамның да бойындағы сараңдық, дүниеқұмарлық сияқты иманға залалы бар жат мінезді түзейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мал-дүниеңнің зекетін өтегенің – бойыңнан мал-дүниенің зиян тұсын алып тастағаның» деген. Зекетті бай-дәулетті адамның кедейге беретін ақысы деп түсіну керек. Міне, Ислам экономикасының басқа қаржы жүйелерінен ерекшелігі ешбір әлеуметтік жүйеде кездеспейтін жеңілдігінде және адами құндылықтарды сақтауында. Хадистегі «Мал-дүниелеріңді зекетпен қорғаңдар, науқастарыңды садақамен емдеңдер және қиыншылық толқынын дұға және мінәжатпен қарсы алыңдар» деген ереже осының бір көрінісі болмақ.

 

Төлеби ОСПАН,

Алматы қаласының бас имамы

«Мұнара» газеті, №8, 2022 жыл

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір сүйінші хабарында: «Алла Тағала айт күні періштелерінің алдында Өзінің пенделерін мақтаныш етіп: «Періштелерім! Өз ісін атқарған қызметшінің хақы қандай?», - деп сұрағанда, періштелер: «Уа, Раббымыз! Оның хақы – ақысын толық төлеу», - дейді. Сонда Хақ Тағала: «Періштелерім! Менің құлдарым оларға міндеттеген парызымды орындап, Маған дұға ету үшін айт намазына шықты. Өзімнің құдіреттілігім, ұлықтығым, жомарттығым, жоғары мәртебе және дәрежеммен ант етемін! Мен олардың дұғасын қабыл етемін!», - деп, кейін пенделеріне: «Қайта беріңдер! Мен сендердің күнәларыңды кешіріп, жаман істеріңді жақсылықпен ауыстырдым», - дейді. Осыдан соң адамдар күнәлары кешірілген халде қайтады», - делінген.

Мінекей, ораза ұстаушы жан осылайша Жаратушы Иеміздің арнайы сыйына кенелумен рамазанды олжалы аяқтайды. Өкінішке орай, рамазан айымен қимай қоштасамыз. Біз он екі айдың сұлтанын ерекше дайындықпен қарсы алуға әрекет еттік. Құтты айда оразаны мейлінше Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйреткендей етіп тұтуға барымызды салдық. Күндізін оразамен, ал түнін намаз оқып өткіздік. Құран тиләуат ету, тарауих намаздарында сағаттап тұру және дұғамен өткізуге ұмтылдық. Рамазанға дейін қандай болдық, одан кейінгі рухани жағдайымыз қалай өзгерді? Рамазан айында иманның ләззатын біршама сезінгендей болдық. Алайда, осы оразадағы ахуалымызды келесі рамазанға дейін сақтай аламыз ба? Ендеше, рамазан айынан кейін рухани қалпымызды сақтап қалу үшін бірнеше аятты басшылыққа алуға кеңес береміз.

Бірінші аят. Өзгеруді өзімізден бастайық.

إِنَّ اللَّهَ لا يُغَيِّرُ مَا بِقَوْمٍ حَتَّى يُغَيِّرُوا مَا بِأَنفُسِهِمْ

«Расында қандай да бір қауым өз ішінде өзгермейінше, Алла ол қауымды өзгертпейді...» (Рағыд сүресі, 11-аят).

Мәселен, сіз – әкесіз. Сіз – бала-шаға мен жұбайыңызға әрбір іс-әрекетте үлгі тұлғасыз. Отбасы тәрбиесіне қатысты ұл-қызыңызға көптеген жақсы ой салатын сөздерді көп айтатын шығарсыз. Бірақ, сол сөздер сіздің жүріс-тұрысыңыздан көрініс таппаса, айтқан сөзіңіз желге кетеді. Зая болады. Темекі шегіп тұрып, балаңызға «темекі шекпе» дегеніңіз қаншалықты өтімді болмақ. Демек, бала-шаға мен әйеліңіздің жақсы болуын қаласаңыз ең әуелі сол жақсылыққа бейімділік өзіңізден көріну керек. Ұжымда да, ағайын-туыс арасында да осы қағида бойынша әрекет еткеніміз жөн.

Екінші аят. Еңбегіміз зая кетпесін.

وَلَا تَكُونُوا كَالَّتِي نَقَضَتْ غَزْلَهَا مِن بَعْدِ قُوَّةٍ أَنكَاثًا

«Жібін жақсылап иіріп алғаннан кейін қайта тарқатып жіберіп, бүкіл еңбегін еш қылған байғұс әйелге ұқсап...» (Нахыл сүресі, 92-аят).

Бұл керемет жол көрсетуші аят. Иә, рамазанда басқа айларда жасамаған көптеген ізгі амалдарды жасадық. Қайырымдылық не екенін де үйреніп, біраз адамға көмек те бердік. Бірақ, рамазан кетті деп, той бітті дегендей рамазаннан алдыңғы қалпымызға қайта түсу – қателік. Аяттың меңзегені осы. Яғни, күні бойы аш жүріп ауыз бекітіп, Құран оқып, түндерде тарауихта тұрып, жақсы жағынан өзгеруге тырысып жасаған амалдарымыз бейне бір иірілген жібі тарқатылып кеткені секілді еңбегіміз еш кетпесін! Қысқасы, рамазаннан кейін оразадағы алған иман қуаты артпаса кемімеуі тиіс.

Үшінші аят. Туралықтан танбайық.

فَاسْتَقِيمُوا إِلَيْهِ وَاسْتَغْفِرُوهُ

«...Ендеше Оған тұппа-тура бет алыңдар және Одан күнәларың үшін кешірім тілеңдер...» (Фуссылат сүресі, 6-аят).

Рамазан жүректегі иманға серпіліс берді. Рамазан айында рухани ауаны жұтып, оның әсерін айналадан сезіне алдық. Пендешілікпен ағайын-туыс, көрші-қолаң және әріптестің арасына түскен сызатты жойып, қайта татуластық. Көңілдегі реніш кетті. Ендеше, осы алған тура бағытымыздан танбау сіз бен бізге ұлы бір міндет.

Рамазан – бізге нәпсіні тізгіндеуді үйретті. Өзгеге көмектесуді үйретті. Рамазан – бізді Құранға ғашық етті. Сағаттап құлшылық жасауға тәрбиеледі. Рамазан – бізге сабырлы адамның бейнесін көрсетті. Райяан қақпасын қағармыз деген үміт сыйлады. Рамазан – Жаратқанның Өзі ғана өлшеп беретін сауапқа жетеледі. Рамазан арқылы Жаратқанға жақындауға тырыстық.

Ендеше, ораза ұстаған бауырым, рамазаннан кейін осы асыл қасиеттерді бойымызға сіңірген қалпымызда қалуға тырысайық! Құран – әрқашан айнымас досыңыз болсын. Сабыр – әрбір жетістікке жетуге, әр шыңды бағындыруда жәрдемші болсын. Жомарттық – мұқтажға көмек қолын созуға жетелесін. Бойыңыздағы күш-қайрат елді елдестіруге, жақсылық жасауға жұмсалсын. Білім-парасатыңыз – Алланы тануға, жағымды жаңалық ашуға арналсын. Батырлығыңыз – әлсізге күш көрсетуге емес, оларға қорған болуға бағытталсын. Рухани жаңғыруға жол ашқан Рамазанмен қайта қауышуды Алла Тағала баршамызға нәсіп етсін!  Әмин!

Рамазан құлшылық пен шүкіршілік, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, ізінше тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне қуаныш сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке.
Әсілі, Ораза айт қасиетті Рамазан айы аяқталғанының белгісі ғана емес, ол – бір айлық құлшылығымыздың қуанышы мен жемісі. Имам әл-Бағауи: «Екі айт (мереке) күндерінде қуаныш пен шаттық көңіл таныту дін рәміздерінен! Әрі бұл күндер басқа күндерден жөні бөлек!», - деген екен. 
«Айт» араптың «ъид» деген сөзiнен тілімізге икемделіп енген. Айт – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышта басқосу» деген мағыналарды білдіреді. 
Айт – рамазан айындағы ораза амалының аяқталуына орайластырылған мереке. 

Ораза айт мейрамы құтты болсын! 

Алматы қаласының бас имамы Төлеби ОСПАН

 

 

Ардақты ағайын, қадірменді бауырлар! Адамзаттың абзалы, екі дүние сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған айы – мәуліт мерекесі мүбарак болсын.
Пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммедтің (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған уақытына байланысты тойланатын мейрам мәуліт мерекесі деп аталады. 
Күллі мұсылман қауымы құрмет тұтар мерейлі мәуліт - салауат пен тәлім-тәрбиеге толы рухани басқосулар айы. Екі дүние сұлтаны: «Кімде-кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он жарылқау береді», - деп сүйіншілеген. Мешіттерімізде Аллаға мадақ, пайғамбарымызға салауат айтылып, Тәуелсіз еліміздің рухани тұтастығы мен халықтар бірлігі үшін дұға жасалуда.
Мұсылмандардың өміріндегі басты идеал пайғамбардың өнегелі өмірі мен өсиетін, ғибратты ғұмырын халқымызға насихаттау – дін жанашырына ортақ игі іс. Бұл дінімізді насихаттаудың, жас ұрпақты имандылыққа, жақсы мінез-құлыққа шақырудың орайлы сәті. Құран Кәрімде: «Расында, Алла пайғамбарға шексіз нығметі мен рақымын төгіп мерейін өсіруде. Ал, Оның періштелері пайғамбарға үнемі игі тілек тілеп, дұға етуде. Уа, мүміндер! Сендер де оған салауат айтып, құрметпен сәлем жолдаңдар!», - деп ардақты пайғамбарымызға салауат айтуға үндейді.
Тағылымы мол мәуліт айында Алланың қолдауымен әз пайғамбар сүннеттерін жандандырып, туған-туыстарымызға жақсылық жасауды нәсіп етсін. Бүкіл ғаламға Алланың мейірімі етіп жіберген Елшінің есімін ардақтау, сүннетіне амал ету – сауапты іс. Осынау мәуліт мерекесі барша мұсылмандарға құтты, берекелі ай болғай! Алла Тағала тәуелсіз елімізге тыныштық, халқымызға берекет жаудырып, бірліктен айырмасын. Ел үшін игі істерімізді Алла қолдап дұғамыз қабыл болсын!

 

Алматы қаласының бас имамы

Төлеби Оспан
 
 

Бүгінгі күні білім нәрімен сусындауға қадам басушы әрбір шәкіртті һәм ұлағатты ұстаздар қауымын білім күнімен құттықтаймын! 
 Әлем екінші ұстаз деп танитын ғұлама Әл-Фараби бабамыз: «Бүгін, сіздің ыждаһаттылықпен білім алуыңыз отанымыздың дамуына жасалған үлкен үлес», - деп айтқанындай әрбір білім алушының мақсаты да ел игілігіне қызмет етуіне негізделгені абзал. Ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді», - дейді. Расында, білімді терең меңгерген тәлімгер арасынан білікті дәрігер, кәсіби мұғалім, мықты құрылысшы, инженер, ғалымдар шығады. Ал, білімді болмақ үшін сол білім қазынасы болған мұғалімдерді құрметтеу әрі әр сабағын бар ықыласпен оқу қажет. Себебі, ата-бабамыз: «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты», - дейді. Құрметті балалар, оқушылар мен студент шәкірттер!
Сіздерді ең жарқын мереке - Білім күнімен құттықтаймын! 1-қыркүйек білімнің, жаңа жетістіктер мен жеңістердің, достармен және дана тәлімгерлермен кездесудің және қызықты әлемге саяхаттың басталу күні. Жаңа оқу жылы барлығыңыз үшін сәтті және қуанышты болсын!
 
Алматы қаласының бас имамы Төлеби ОСПАН 

Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi