ФОТО: ҚАЖЫЛАРҒА 200-ДЕН АСТАМ ПƏТУА БЕРІЛДІ
Ал миссия қызметкері, белгілі ғалым, ұстаз Бауыржан Əлиұлының айтуынша, қажылыққа қатысты діни терең сұрақтар ауызша, жазбаша қойылған. Сонымен қатар, ватсап желісі арқылы да мəселенің шариғи үкімін сұрағандар қатары көп болған екен.
Б.Əлиұлы мəлімдегендей, сұрақтардың басым бөлігі ихрамға хəлінен шығу, шайтанға тас ату, еттеккір жағдайында қажылық өтеу, тауап жасау, Мина мен Мұздалифа аймағында түнеу, намазды қысқартып оқу, т.б. қажылық рүкіндері мен парыздарына қатысты қойылған.
Қажылық миссиясы Пəтуа беру тобының қызметкерлері сұрақтарға дер кезінде жауап беріп отырды.