«Сонда кімде-кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал, енді кімде-кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді»
Хақ Тағала Құран Кәрімде:
«Сонда кімде-кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал, енді кімде-кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді»,– деп баян етеді [Зілзәлә, 7-8].
Кез-келген жақсылықты Алла да, Оның құлы адам да, тіпті жан-жануарлар да жақсы көреді. Жақсы деген сөздің өзі құлаққа жағымды, жүрекке қонымды, көңілге ұнамды, тілге тиекті. Ал жамандықты жақтыратын ешбір жан жоқ. Сол себепті "Жақсылық жәннаттың кепілі, жәһаннам жамандықтың кесірі" дейміз.