РАМАЗАН - ҚҰРАН АЙЫ
Рамазан – Құран мен қайырымдылық айы. Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың ең жомарты еді. Рамазанда Жәбірейіл періштемен кездескенде ерекше жомарт болатын. Рамазанның әр кешінде Жәбірейілмен кездесіп, Құран оқитын. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жомарттықта ескен самалдан да қолы ашық сахи болатын[7]». Имам Ибн Ражаб (р.а.): Бұл хадис рамазанда Құранды үйрену және үйрену мақсатында жиналудың мұстахаб екенін көрсетеді. Әрі Құранды жетік меңгерген адамға өзінің қалай оқитынын тексертуді де білдіреді. Сонымен қатар, рамазан айында құранды барынша көбірек тиләуат етудің жақсы амал екені айтылуда», - дейді.