ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Сүйікті пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мерекенің басталуы мен құрбан шалудың уақытына қатысты: «Біздің бұл күнде алғашқы атқаратын ісіміз – айт намаз оқу, сосын үйімізге қайтып келіп, құрбандық шалу. Кімде-кім осылай етсе, біздің сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбандығын шалатын болса, оның құрбандығының отбасына берілген еттен айырмашылығы жоқ. Мұның құрбан болуы мүмкін емес», - деген. Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық беріп, айт күндері атқаратын игі амалдарымызды қабыл еткей! Құрбан айт мерекесінде мүмкіндігі бар (зекет беру парыз болған мұсылманға құрбандық шалу – міндет) әрбір мұсылман баласы Алла Тағаланың ризашылығы үшін құрбандық шалғаны жөн.
Бұл ғибадат – Құрбан айт намазынан кейін айттың үш күнінде орындалады.
Құрбан айт құтты болсын! ҚҰРБАН АЙТ - 2023