КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Ата Заңымыздың алғашқы бабында айқын жазылғандай, мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Тегіне, нәсіліне, ұлтына, тілі мен дініне байланысты ешкімді кемсітуге болмайды. Өйткені, Конституция бойынша адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Сондықтан да бір шаңырақ пен ту астын мекен еткен халықтың тірегі һәм сүйеніші болған Ата заңға құрмет – ұлт болашығы үшін де аманатты іс болмақ. Алла Тағала еліміздің тәуелсіздігін баянды етіп, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын арттырып, жақсылығы мен берекесін жаудырғай. Ел аман, жұрт тыныш болғай! Әмин!
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан