КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
30 тамыз – еліміздің негізгі Ата Заңы Конституция қабылданған күн. Конституция - тыныштық пен тұрақты дамудың кепілі. Тәуелсіздік пен еркіндіктің, бірлік пен тұрақтылықтың тірегі саналатын мемлекеттік құжат бүкіл халықтың ерік-жігерінің көрінісі іспеттес. Қоғамдық тәртіп орнаған қауым қашан да өркениет көшінен қалмаған. Асыл дініміз ислам да адам өмірі мен құқықтары, Ата Заң мен тұрақтылыққа үндейді.
Сіздерді осынау тәуелсіз мемлекетіміздің ұлық мерекелерінің бірі болып саналатын Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін бір тудың астына біріктірген Қазақ еліне Алла Тағала тыныштық, бейбіт өмір нәсіп етсін!