ХАЙЫРЛЫ САФАР АЙ
Ислам діні бұл айды «Сафарул хайр» (хайырлы сафар) деп атаған. Бұл ай көптеген хайырлы істердің бастамасына себеп болғаны тарихтан белгілі. Мысалы, Мәдина қаласындағы Пайғамбар мешітінің құрылысы бірінші һижри жылдың сафар айында басталған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дәл осы айда сапарға аттанып, Хайбар қамалын фатх еткен (алған).
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) екінші һижри жылдың сафар айында өзінің сүйікті қызы Фатиманы Хазіреті Алиге ұзатқан екен (Алла олардан разы болсын).