АЛМАТЫ. ӘСКЕР АТА МЕШІТІНЕ ЖАҢА КІЛЕМ САЛЫНДЫ
![](/media/images/620774d4c0019.jpg)
Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты Әскер ата мешітінде кілем ауыстырылды.
Алатау ауданына қарасты Әскер ата мешітінде ішкі әрлеу жұмыстары жасалып, тозығы жеткен жерлер қайта көріктендірілді. Мешіт жамағаты, демеушілер көмегімен 1- милион 200- мың теңге қаражат жұмсалып жаңа кілем жайнамаз төселді. Алла үйінің жамағатқа жайлылығына жәрдемші болған кәсіпкерлерге зор алғыс айтамыз. Алла сауаптардан жазсын.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі