МЕШІТТЕ «ІЗГІ ҚОҒАМ» ДӘРІСХАНАСЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ
![](/media/images/65e04e24209b2.jpg)
Бостандық ауданы «Бәйкен» мешітінде «Ізгі қоғам» дәрісханасы жұмыс жасайтын болады.
Бас мүфти бағдарлық баяндамасында бекітілген жоспарға сай, Бостандық ауданы «Бәйкен» мешітінің ұйымдастыруымен демалыс күндерін қызықты өткізуге 5-10 жастағы балаларға арналған «Ізгі қоғам» дәрісханасы ашылған болатын. Ұстаздар жас бүлдіршіндерді сенбі-жексенбі күндері ойын арқылы дініміз бен тіліміздің, салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарды насихаттап, жаман әдеттерден аулақ жүруге дағдыландыруға үйретеді. Бүгінде балаларға тәжірибелі, білікті педагог маманы сабақ беруде.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі