Мақалалар

Құран жаттаудың «ажамдық» әдістері

| A | +

Құран жаттауға ниеттенген адам бірінші кезекте зейіні (қабілеті), жады (есте сақтауы) және күн тәртібіне (бір күннің қанша уақытын Құран жаттауға бөледі) қарап, өзіне қолайлы ереже түзіп алатыны анық. Сонымен қатар, онда күндік тапсырмаларды орындау, белгілі күндерде жаттағандарын қайталау сынды арнайы ережелер қамтылған жылдық жоспар болғаны да дұрыс. Ендеше, шәкірт өзіне қолайлы әдісті таңдап алып, оған үнемі амал ететін болса, онда ол Құран жаттаудың алтын кілтін қолға түсірген болады.   

 

Құран жаттау әдістері, негізінде, екі түрге бөлінеді: арабша және ажамдық (араб емес немесе араб тілін білмейтіндер). Яғни, араб тілін білетіндерге және араб тілін білмейтіндерге арналған әдістер.  

 

Назарларыңызға Құран жаттаудың ажамдық әдістерін ұсынамыз

 

Бұл әдіс, негізінен, қатарма-қатар етіп (қатарларға бөліп) жаттаудан тұрады. «Ажамдық» жаттау стилі күнделікті тапсырманы орындау мен жоспар түзуде арабша әдіске ұқсағанымен, өзіндік ерекшеліктерге ие. Сондықтан да бұл әдісте шәкірттің жаттау қабілеті (зейіні), есте сақтауы, күн тәртібі және санаққа үлкен мән беріледі.

 

Құран жаттауға кіріскен шәкірт, ең алдымен, арабша әдісте, яғни сүренің бірінші аятын 100 рет (бұл санақты шәкірттің қарым-қабілетіне қарай 100-ден көп яки аз етуге болады), екінші және үшінші аяттарын да 100 реттен қайталайды. Осылайша 3 аятты жаттап біткесін, бәрін қосып 100 рет қайталап шығады. Осы әдісте сүрені толық жаттайды. Сосын бастан-аяқ тағы 100 реттен қайталап, пысықтайды.  

 

Жаттау қабілеті орташа болған шәкірттерге санақты 100 ретке қойғаны дұрыс. Егер жаттаушы бірінші аятты 15 яки 20 рет оқып жаттап алатын болса, қалған аяттарды да осы ретпен жаттауына болады. Жаттаушы үлкен көлемді сүрелерді жаттауға келгенде әрбір аятты 100 рет емес, тиісінше, әрбір үш қатарды 100 реттен оқиды. Бақара сүресінен бастап жаттайтын болса, 5 қатарды 100 реттен оқиды. Мәселен, бір бетті 5 қатардан 3 бөлікке бөліп, олардың әрбір 5 қатарын 100 реттен қайталайды. Егер бұл әдіспен жаттау қиындық тудырса, онда 1 бетті екіге бөліп, әр бөлігін 100 реттен оқиды. Содан сол бетті бастан-аяқ 100 рет қайталайды. Әрине, санақты жаттаушының мүмкіндігі мен қарым-қабілетіне қарай таңдап алған дұрыс.  

 

Бетті басынан соңына дейін бөлмей оқу

 

Кейбір жағдайларда Құран жаттаушы аяттарды жатқа білсе де, оны кейінгі аяттармен қосып оқи алмай жатады. Осы жағдайдың алдын алу үшін жаттаушы бетті басынан аяғына дейін бөлмей оқуды дағдыға айналдыру керек.

 

Параны жинақтап оқып тұру

 

Шәкірт жаттағандарын жиі қайталып тұруы керек. Бұл әдіс әрбір параны жаттап біткенде жүзеге асады. Яғни, 1 немесе 2 беттен жаттап отырып 1 параны тәмамдаған шәкірт 3 параны 4 бөлікке бөліп, 5 беттен қайталап отырады. 5 беттен қайталап болғасын, сол параны жинақтап ұстазға оқып береді. Бұл әдісте қайталау 1 парада аяқталып, Құранды толық жаттағанға дейін жалғасады.

 

Құранды бір рет жаттап шыққаннан кейінгі қайталау

 

Құранды толық жаттап алғаннан кейін, оны бастан-аяқ қайталау жұмысы басталады. Қайталау мөлшері шәкірттің зейіні мен есте сақтау қабіліне қарай белгіленеді. Дегенмен, шәкірттің есте сақтау қабілеті қаншалықты нашар болмасын, қайталау 3 беттен кем болмауы тиіс. Ал, көбі 1 пара болады.  

 

Жаттаушы күніне бір парадан оқып бере алатын болғанда, әр күні 1 параның санағын 30-ға жеткізу талап етіледі. Бұл санақ (яғни бір күні бір параны 30 реттен оқу, бұл әр күні Құранды хатым қылу деген сөз) шәкіртке уақыт өте қиындық тудырмасы анық. Себебі, жоғарыда айтқанымыздай, шәкірт Құран жаттау барысында күндік санағын 30 параға жеткізу дағдысын меңгеріп шығады.

 

Quran.uz порталынан аударған:

Бауыржан МЫРЗАҚҰЛ

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
2019 жыл – «Ислам мәдени мұралары жылы» Алматы: «Жүректерге жылу сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясы өтті(ФОТО)

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Құран және тәпсір НАҒЫЗ ЕРДІҢ ҚҰРАНДАҒЫ СИПАТЫ
Көптеген адамдар жігіттік, мәрттік дегенді ер адамның ажырамас сиволы деп санайды. Кейбір азаматтардың бойынан ерге тән мәрттік көп жағдайда табылмай қалып жататыны жасырын емес....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
12 Джумада-авваль 1440
Миләди
18 қаңтар 2019
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:09

Бамдатқа дейін 04:54

Фиқһ әс сира | Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі өмірі

уағалейкумассалам. дұрыс жазылмай қалыпты

Модератор сайта
кеше

Құран тәпсірі (30 пара)

Ассалямуалейкум?! Кай китаппен жургизип жатыр даристерди?

Арайлым Абдрахмановна
23 дек. 2018

Тахауи Ақидасы

Түзеттік, Алла разы болсын

Модератор сайта
21 дек. 2018

Мусульманам на заметку

Уағалейкумассалам. ustaz-azan.kz@mail.kz

Модератор сайта
21 дек. 2018
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi