ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ОТБАСЫ ТАҚЫРЫБЫНДА НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ
Алматы қаласы Медеу ауданы «Фатима» мешітінің ұйымдастыруымен «Отбасы құндылықтары» тақырыбында насихат жүргізілді.
«Фатима» мешітінің бас имамы Тлеубергенов Алпамыс Алматы қаласы, Полиция департаментінің Метрополитеніндегі полиция басқармасының жеке құрамы мен Алматы қаласы, Медеу ауданы полиция басқармасының жеке құрамына арналған насихат барысында отбасылық мәселелерге тоқталды. Адамның жақсылық жасауға үйрететін ең бірінші әлеуметтік ортасы ол отбасы екенін жеткізді. Сонымен қатар жас отбасыларына дәстүрлі отбасылық құндылықтар негізінде шаңырақтың шаттығы үшін күресе білу керектігін айтты. Тыңдаушы тарап ұйымдастырушылар мен имамға алғыстарын жеткізді.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі