«ПЕРЗЕНТ» БАЛАЛАР ҮЙІНЕ «ЕРЕКШЕ СЫЙ» ЖАСАЛДЫ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Республикалық мүгедектер күніне орай «Перзент» балалар үйіне қайырымдылық жасады.
Наурызбай ауданы «Мұхаммед-Әмин» мешітінде Республикалық мүгедектер күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Бауыржан Көптілеуов «Перзент» балалар үйінің иесі Әмина апаға қаржылай 500 000 теңге табыстады. Мешіт имамы Бақыт Ұлжаев жетім балаларды бауырына басып, қамқорлық көрсетіп жүрген Әмина апаға алғысын жеткізді.
Айта кетсек, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры қайырымдылық шаралары кезінде қаладағы арнаулы осал топтағы адамдарға көмек көрсетуде.