АЛМАТЫ ИМАМДАРЫ ҚҰРАН ЖАРЫСЫН ТАМАШАЛАП ҚАЙТТЫ

Алматы имамдары Астана қаласында Республика күні мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай ұйымдастырылған ІІ халықаралық Құран жарысын тамашалап қайтты.
Іс-шара барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтау сөз сөйлеп, Құранның қоғам мен отбасындағы орны туралы айтты. Алматы имамдары да ел руханиятындағы айтулы оқиғаға куә болды. Республикалық Бас мешітте өткен ІІ Халықаралық Құран жарысынана алған әсерлері ерекше. Айта кетсек, жарысқа әлемнің 21 елінен келген 22 қари қатысты. Екі күнге созылған жарысты тікелей эфир арқылы 90 мыңға жуық көрермен онлайн тамашаласа, мешіт ішіндегі көрермендер саны мыңнан асты. Дүбірлі дода ел абыройын асқақтатып, қатысушылар мен қонақтар зор алғыстарын жеткізді.