ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЖАҢА ПӘТУАЛАРДЫ ТАНЫСТЫРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының қатысуымен Орталық мешітте ҚМДБ жаңа пәтуаларды таныстыру семинары өтті.
Алматы қаласы бойынша пәтуаға жауапты имамдарға ҚМДБ бекіткен соңғы пәтуаларды таныстырды. Дипфейк (Deepfake) Deep Nostalgia технологиясын қолдану, Жасанды интеллектен пәтуа алу, Киберспорт Чайлдфри жайлы халыққа кеңінен насихат жұмыстарын жүргізіп, дұрыс жеткізуді тапсырды.






