МЕКТЕПКЕ ЖОЛ: АЛМАТЫДА 1300 БАЛАҒА ЖАҢА ОҚУ ЖАБДЫҚТАРЫ ҮЛЕСТІРІЛДІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Орталық мешітте мектепке жол акциясы аясындағы қайырымдылық шарасына қатысты.
ҚМДБ бекіткен жыл сайынғы дәстүрлі мектепке жол акциясы аясында бүгін Алматы қаласы бойынша бір мезетте бірқатар мешіттерде "ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА - ЖАҢА ЖАБДЫҚТАР" қайырымдылық шарасы өтті. Аталмыш игі шараны Алматы өкілдігіне қарасты "Зекет және қайырымдылық" қоры ұйымдастырып, сегіз аудандық мешіттерде 100 ден 300 балаға дейін, нақтырақ айтқанда қала бойынша 1300 мектеп оқушыларына жаңа оқу жылына жаңа жабдықтар салынған сөмкелер табыстады. Әр ауданнан көп балалы аналар, көмекке мұқтаж отбасылар қамтылған тізім бойынша үлестірілді.
Сауапты амалға демеушілік жасаған азаматтарға Алла разы болғай!

























