ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ
Алматы өкілдігі «Жастар ісі» секторы мен Алматы қаласы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Дала мұрасы» жобасы аясында Орталык мешіт аумағында медени-спорттық іс-шаралар өткізілді.
Келген жастар жамағаты келесі спорттық жарыстар атап айтқанда Асық ату, Армреслинг, Қой көтеру, Гір тасын кетеру, Арқан тарту, Тоғыз құмалақ ойындарынан өзара бақ сынасты. Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен мапаттады. Сонымен қатар жиналған халыққа ҚМДБ «Жастар ісі» секторының Алматы өкілдігі бойынша жауапты өкілі Тимур Алиев дін маселелері бойынша қазақ халқының дәстүрлі кұндылыктары, Абу Ханифа мәзхабына қатысты түсіндірмелер жүргізіп, салауатты өмір-салтын ұстануға негізделген уағыз-насихат айтты.
Іс-шараға жалпы саны 3000-ға жуық жастар қатысты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі