«ОРБИТА» МЕШІТІНІҢ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ САЙЫС ӨТКІЗДІ
Қасиетті Мәуліт айының құрметіне «Орбита» мешіті «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Пайғамбарымызға (оған Алланің игілігі мен сәлемі болсын) хат» атты сайыс өтті.
Байқау шарты бойынша қыздар екі бет (А4 форматында) 40 минут уақыт ішінде Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сағыныш хатын жазды. Жарысқа Бостандық ауданының ұстаздары төрелік етіп, демеушілер тағайындаған қаржылай сертификаттар табысталды. Жарыс қорытындысы бойынша: 1-орынды Сағидулла Динара Мұратбайқызы жеңіп алды. Ал жүлделі 2-орынды Сұлтан Жанель Тілекқызы еншілесе, 3 - орын Жақай Айшаның қанжығасына байланды.