Назарбаев елордада ауызашар берді (ФОТО)

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рамазан айының құрметіне дастархан жайып, ауызашар берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-дегі парақшасында хабарлады.
«Елбасы ауыз бекіткен жамағаттың құрметіне арнайы ақ дастархан жайып, ауызашар берді. Нұрсұлтан Назарбаев жиналған қауымды, барлық қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады»,-делінген жазбада.