ЕРІКТІГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» директоры Мақсатбек Мақсотұлы қордың Алматы өкілдігінде ерікті қызметін атқарып жүрген студентке қаражат табыстады.
Өкілдікке қарасты «Зекет және қайырымдылық қорында» ерікті ретінде қызмет атқарып жүрген студент Темірлан Ерболұлының оқу ақысына жәрдем ретінде 100 000 теңге қаражат сертификатын табыстады. «Қаражат тапшылығынан қиындық көре тұра, оқуын да тастамай әрі еріктілер қатарында адал жұмысын атқарып жүрген Темірланға қаржылай қолдау білдіру, келешек өміріне қолғабыс деп білеміз», - деп атап өтті Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі