Бүгін Алматы қаласы әкімдігі және ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты бірлесе отырып «Дін саласындағы мемлекеттік саясат және қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті бағыттарының бірі ретінде «Діни қызмет пен діни бірлестіктер мәселелір бойынша ҚР кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңының жобасы тақырыбындағы» дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – қоғамдық сананы жаңғыртудағы дін және діни мәдениеттің рөлін талқылау, заңның жаңа аспектілері контекстінде зайырлы Қазақстандағы діннің функцияларын түсінуге бағытталған. Аталған дөңгелек үстелге Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы қатысып, дін туралы жаңа Заңға байланысты ұсыныстары мен пікірін айтып, баяндама жасады.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысына ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор А.Қ.Бижанов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Е.А.Оңғарбаев, ҚР Парламент Сенатының депутаты С.М.Ершов, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Діни ұйымдармен байланыс жөніндегі кеңес мүшелері, ҚР БҒМ ҒК «Философия, саясаттану және дінтану институты», Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университетінің ғалымдары мен мамандары, сондай-ақ діни бірлестіктер мен қоғам өкілдері қатысты.
Алматы қаласы Орталық мешітінің
Баспасөз хатшысы