БАС ИМАМ «БӘЙКЕН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Бостандық ауданы «Бәйкен» мешітінде жұма уағызын айтып, жамағатпен жұма намазын оқыды.
«Судың да сұрауы бар» тақырыбында жұма уағызын айтып, сонымен қатар Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетіне суды ысырап етпеуді, оны үнемдеуді, ағын суды ластамауды насихаттағанын жеткізді. Суды үнемдеу тек ғұсыл-дәрет кезінде ғана емес, тұтыну орындарында, қоғамдық тамақтану орталықтарында, көлік жуу қызметтерінде де суды үнемдеп, ауыз суға мейлінше мұқият қарауға шақырды. Сонымен қатар «QAZAQSTAN ARDAGERLER» қауымдастығының өтініші бойынша жауынгерлік міндетті атқару барысында өмірден өткен қазақ жауынгерлерінің рухына құран оқып, дұға жасады. Жұма намазында қала бойынша барлық мешіттерде жауынгерлер рухына құран оқылғанын жеткізді.
Жұма уағызы соңынан жамағатпен жұма намазы оқылып, ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға оқып, бата жасалды.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі